Бағдарлама преамбуласы - 1
Біз кімбіз және не нәрсеге жауаптымыз - 4
«Әділет» партиясының 10 басымдығы - 7
1 Заң мен Тәртіп - 7
2 Тиімді жұмыс істейтін институттар - 9
3 Өңірлер мықты болса – ел мықты - 13
4 Әділ, бәсекелі экономика - 19
5 Цифрлық мемлекет - 37
6 Әлеуметтік ынтымақ және атаулы көмек - 42
7 Адам әлеуетіне сенім артамыз - 47
8 Жаңа мәдениет қалыптастыру, ұлт болып ұйысу - 56
9 Таза Қазақстан - 60
10 Жауапкершілігі мол орта держава - 63
ӘДІЛ ДЕ ТАБЫСТЫ КЕЛЕШЕККЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК! 64 « Ә Д І Л Е Т » П А Р Т И Я С Ы Н Ы Ң С А Й Л А У А Л Д Ы Б А Ғ Д А РЛ А М А С Ы · 2 0 2 6 — 2 0 3 1 Б А Ғ Д А РЛ А М А П Р Е А М Б У Л А С Ы ҚАДІРЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Қазақстан даму жолындағы келесі кезеңіне қадам басып келеді. 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституция қабылданғаны еліміздің басты бағытын – Әділет, Заң мен Тәртіп, жауапкершілігі мол патриотизм, прогресс пен келісім жолын айқындап берді. Біздің міндетіміз – Ата заң мәтінінде айтылған осы қағидаттарды әр азаматың күнделікті өмірінің ажырамас шындығына айналдыру. «Әділет» – жаңа буын партиясы. Біз бәрін таза парақтан бастаймыз және әділет, заңға бағыну, еңбекқорлық пен прогресс мекеніне айналған мемлекет құрамыз. Біз ел басқару ісінде реформаторлық центризм және салиқалы пайым ұстанамыз. «Әділет» – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдарының саяси тірегі: біз Мемлекет басшысының реформаларын ішкі сенімімізге сүйеніп қолдаймыз және сол реформаларды азаматтарды қатыстыра отырып іске асыруды мойнымызға аламыз. Саясатымыз Әділет, Патриотизм, Жауапкершілік, Еңбекқорлық және Прогресс құндылықтарына сүйенеді. Шынайы патриотизм пафостан ада және ол нақты істер мен өлшемі бар нәтижелерден көрінеді. Біз құрғақ уәде беру практикасының орнын жауапкершілік пен білік мәдениеті басса дейміз, соған ұмтыламыз. Біз мемлекет құру ісіне сапалы жаңа тәсіл ұсынатын әрі нақты жұмыс істейтін бағдарлама жасадық. Елдің әр тұрғынының үніне кәсіби сараптама қосылып, қуаты артқанда ғана тиімді шешімдер қабылданады. Бұл үшін біз 5 маңызды тәсілді ұстандық: Біріншіден, QR-кодтар жүйесі арқылы әр азаматқа басындағы қиындығын айтып, тәжірибесін ортаға салып, бастама ұсынуға мүмкіндік бердік. Соның арқасында мегаполис тұрғындарының да, ауыл-аймақтардағы азаматтардың да өзекті мәселелерінің бәрін нақты уақыт режимінде жинай алдық. Әр сауал талданып, партияның күн тәртібіне енгізілді. Екіншіден, біз стратегиялық тұрғыда жоспарлауды ұйымдастырдық. Бағдарламамызға экономиканың негізгі салаларының өкілдері, шағын және орта бизнес көшбасшылары, сондай-ақ еліміздің жетекші сарапшыларының басын қосқан ауқымды стратегиялық сессиялардың нәтижелері негіз болды. Біз бірлесіп экономиканы, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымды дамытуға арналған жүйелі шешімдер әзірледік. Үшіншіден, біз сараптама дәйектілігіне сүйенеміз. Бағдарламамыздың әр қағидатына нақты тиімділік тұрғысынан аудит жасалды. Біздің сүйенеріміз – ғылыми ұстаным, талдау
1 деректері және саладағы процестерді терең түсінетініміз. Біз өсу мен дамуға сеп болатын ұзақмерзімді құралдар ұсынамыз. Төртіншіден, қазақстандықтардың шын көңіл-күйі мен үмітін тану үшін социологиялық зерттеу жүргіздік. Бесіншіден, әр өңірдің, экономиканың әр саласының өзекті проблемалары көрінісін толықтыру үшін елдің ақпараттық күн тәртібін мұқият зерттедік. Мұның барлығы нақты нәтиже береді, өйткені мемлекет шешімдерінің бәрінің басында тұрған – адам, оның қадір-қасиеті, әл-ауқаты мен өмірден орнын табу мүмкіндігі. Біз әр адам еңбегіне, білімі мен жауапкершілігіне қарай табысқа жете алатындай мүмкіндіктер экономикасына өтуге сеп боламыз. Қуатты Қазақстан деген – күшті, әділ экономика және ынтымағы жарасқан қоғам. Біз өңдеуші өнеркәсіптің өсуіне, жаңа өндіріс тізбектерінің қалыптасуына сеп боламыз, агроөнеркәсіп кешенін күшейтеміз, ресурстарды өңірлер арасында әділ бөлеміз, қоршаған ортаны қорғаймыз және білімді дамыта жүріп, ғылымды, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні экономиканың жаңа салаларына айналдырамыз. Батыл әрекеттер қисынына сүйеніп, біз алдымызға 7 нақты флагман мақсат қойып, сол мақсаттарға алдағы бес жылда жетуді көздейміз: 30 м² 1-МАҚСАТ Әр отбасыға барынша жайлы тұрғын үй жағдайы жасалсын. Қазақстанның әр азаматына орта есеппен 30 шаршы метр тұрғын үй болсын дейміз. Еліміздің тұрғын үй қоры озық қарқынмен өсе бермек, ондаған мың отбасы тозған, құлағалы тұрған үйлерден көшіріледі, қиындыққа тап болған үлестік құрылыс нысандарының бәрі аяқталады. 77 жас
2 -МАҚСАТ Әр қазақстандықтың өмір жасы ұзақ болсын. Өмір сүру ұзақтығын орта есеппен кемі 77 жасқа жеткізуге әбден болады. Денсаулық сақтау саласын емдеу режимінен профилактика және ерте диагностика арқылы алдын алу режиміне көшіреміз: жүрек және қан тамырлары ауруларынан болатын өлімжітімді кемі 5% азайтуға ұмтыламыз, ана мен бала денсаулығын қорғау, ауылда да, астанада да әркім сапалы медицинаға қол жеткізе алуына сеп боламыз. 2 1 млн
3 -МАҚСАТ Жұмыс істеймін деген әр адамға жұмыс табылсын. Лайық жалақысы бар 1 млн сапалы жұмыс орнын құрамыз. Әр жұмыс орны – ресми еңбек шарты, қауіпсіз еңбек жағдайлары және нақты зейнетақы аударымдары. Әр жұмыскердің құқығын қорғау үшін кәсіпорындардың бәрінде еңбек қатынастарына цифрлық мониторинг жасалады. 20%
4 -МАҚСАТ Орта бизнес – орта тап. Экономикадағы орта бизнестің үлесін шамамен үш еседей арттырып, 20 пайызға жеткіземіз. Мемлекет жеке бизнес жұмыс істей алатын салалардан кетеді, кәсіпкерге қысым көрсетуді қояды және қаржыландыру мен мемлекеттік тапсырысқа кәсіпкерлердің бәрі тең қол жеткізе алуына сеп болады. Өнімділігі де, кірісі де жоғары мықты орта бизнес экономиканы орнықты әрі әділ етеді. 2,5%
5 -МАҚСАТ Ауыл адамдары бейнетінің зейнетін көрсін. 1 миллион ауыл тұрғынының табысын сапалы түрде арттырамыз. Әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға қаратылған «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясын кеңейтеміз: шаруасын дамытып, жүргіземін дегендерге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын жеңілдетілген шағын несиелер беріледі. 3 100% 6-МАҚСАТ Қазақстан – негізгі азық-түлік пен энергетика ресурстары өзіне толық жететін ел болсын. Азық-түлік және энергетика жағынан 100% дербестік пен қауіпсіздікке қол жеткіземіз. Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу үлесін арттырамыз. Тұрақты мұнай өндірісін қамтамасыз етеміз, сарқылмайтын энергия үлесін арттырамыз, жаңа атом энергетикасының негізі қаланады, бірыңғай энергия жүйесі бүкіл ел аумағын қамтиды. Өңдеу өнеркәсібінде – машина жасау, мұнай химиясы, химия, фармацевтика, IT салаларында технологиялық және сапалы жұмыс орындары құрылады. 5 млн 7 -МАҚСАТ Жаңа экономика мен келешектің кәсіптеріне дайын ел болсын. Кемі 5 миллион қазақстандыққа – мектеп оқушыларынан, студенттерден бастап еңбек етіп жүрген ересектерге дейін – жасанды интеллектімен жұмыс істеуді үйретеміз. Мектеп бағдарламасына жасанды интеллект негіздерін енгіземіз. AI-Sana бағдарламасы арқылы жоғары оқу орнын тәмамдаған әр түлектің жасанды интеллектіні меңгеруіне сеп боламыз. Ересектерді келешектің кәсіптеріне бейімдеп, жаппай қайта даярлау бағдарламасын іске қосамыз. Ірі қалалармен ғана шектелмей, еліміздің барлық өңірінде жасанды интеллектіні оқып-үйренуге баршаға бірдей мүмкіндік жасаймыз. Біз жүйелі өзгерістерге дәйектілік те, қоғаммен арада ашық әрі адал диалог жүргені де керек екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан сайлауға айқын бағдарламамызды, жауапкершілікке және нақты іске дайындығымызды алып барамыз. БІЗ КІМБІЗ ЖӘНЕ НЕ НӘРСЕГЕ ЖАУАПТЫМЫЗ «Әділет» партиясы – әділ ережелер, адал еңбек пен жауапты мемлекеттің саяси қуаты. Біз Қазақстанның келешегін Заң мен Тәртіп, кәсібилік, адамның қадір-қасиеті, еңбекті құрметтеу және нақты нәтижелермен байланыстыратын азаматтардың басын қосамыз. Біз үшін саясат елдің, қоғамның және әр азаматтың алдындағы жауапкершіліктен басталады. 4 «Әділет» – жаңа ұрпақтың партиясы. Біз дүниетанымы Тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қазақстандықтардың өкіліміз. Біз елмен бірге өстік, оның жетістіктерін көріп жүрміз, түйткілдерін түсініп, ары қарайғы дамудың құнын сезініп келеміз. Біздің міндетіміз – Қазақстанның әлеуетін лайық өмір сапасына, әділ институттарға және келешекке деген нық сенімге айналдыру. Біз саясатқа қоғам нәтижесіз қалмайтын нақты шешімдерді керек ететінін түсініп келдік. Қазақстанға азаматтарға қызмет ететін институттар; табыс әкелетін экономика; адамдар осында тұрсам, еңбек етсем дейтіндей өңірлер; жұрт сенетін сот; келешекке жол ашатын мектеп; адам өмірін арашалап қалатын медицина; әр шешімінің нәтижесі мен жауапкершілігі болатын өкімет керек. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру, заңдылықты нығайту, институттарды дамыту, экономиканы жаңғырту және жаңа қоғам мәдениетін қалыптастыру бағытындағы стратегиялық бағдарын қолдаймыз. «Әділет» партиясы бұл қолдауды – реформаларды іске асыруға атсалысу, қоғаммен ашық әрі адал диалог жүргізу және қабылданған шешімдердің халыққа жетуін қадағалау деп біледі. Біз ел басқару ісінде реформаторлық центризм және салиқалы пайым орныққанын жақтаймыз. Шешімдер талдауға, іс жүзіндегі пайдаға және болжамды нәтижеге сүйене отырып, ел мүддесін көздеп қабылдануға тиіс. Кез келген бастама ең бастысы: ол шешімнен адамның, отбасының, қызметкердің, кәсіпкердің, ауыл тұрғынының, зейнеткер мен жастардың өмірінде не өзгереді деген сұраққа жауап беруі керек. Біз әділет – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты деп білеміз. Бұл – заң алдында баршаның теңдігі, адамның қадір-қасиетін қорғау, мүмкіндіктерге қол жеткізу, еңбекке әділ ақы төлеу, биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі және бизнеске арналған ашық ережелер. Әділет күнделікті шынайы өмірде: сотта, полицияда, мектепте, ауруханада, әкімдікте, банкте, жұмыс орнында, ауылда, қалада және әр мемлекеттік сервисте көрініс тауып, алда жүруге тиіс. «Әділет» партиясы нақты іске бейім адамдардың: маман, кәсіпкер, дәрігер, педагог, заңгер, экономист, инженер, ғалым, өңір өкілдері, жастар, қоғам белсенділері мен елді жаңарту жолында еңбек етуге дайын барша азаматтың басын біріктіріп отыр. Біздің қуатты мемлекет құру үшін білім мен білік, ниет пен тәртіп, адал еңбек пен әділ қатынас керек деген ұстанымымыз ортақ. Біз жорта жұмыс істеп жүргендей сыңай танытуға, бюрократиялық енжарлыққа, кландық жүйеге, сыбайлас жемқорлыққа, непотизмге, астыртын лоббизмге, популизмге, монополизмге, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға, құқықтық нигилизмге және адамды кемсітуге қарсымыз. Бұл құбылыстарға қарсы тұру үшін тәуелсіз сот, ашық бюджет, адал бәсеке, қоғамдық бақылау, цифрлық ашықтық, мықты мәслихаттар, жауапты депутаттар және басшылардың жеке жауапкершілігі керек. Біз азаматтың үні биліктің құлағына жеткеніне жауаптымыз. Халық үніне құлақ асатын мемлекет қоғамнан келетін белгіні нақты басқару әрекетіне айналдыруға тиіс. Азаматтың шағымы, ауданның түйткілі, бизнестің сұранысы, ата-ананың алаңы, ауыл тұрғынының 5 өтініші немесе сарапшының ұсынысы іс жүзінде шешімін табуы керек. Мемлекет нақты нәтижемен жауап беруге тиіс. Біз өкілдік билік қоғам мүддесін қорғайтын нақты құралға айналуына жауаптымыз. Партия депутаттары азаматтармен үнемі иық тірестіре жұмыс істеп, тұрақты түрде есеп беріп, өңірлердің мәселелерін көтеріп, заңдарға бастамашы болып, бюджеттің жұмсалуын қадағалап, қабылданған шешімдердің орындалуына қол жеткізуге тиіс. Мәслихаттар жергілікті дамудың мықты алаңдарына айналуы керек. Біз әр адамның табысын арттыру жолында жұмыс істейтін экономикаға жауаптымыз. Қазақстанға кәсіпкер қысымнан қорғалған, орта бизнес өсіп келе жатқан, жұмыс орындары сапалы болатын, еңбекке лайық ақы төленетін, ал мемлекеттің қолдауы нақты нәтижеге байланған экономика қажет. Әр адамның табысқа жетуі біліміне, еңбегіне, бастамашылдығына және құндылық қалыптастыра алу қабілетіне байланысты болуға тиіс. Біз өңірлердің әділ дамуына жауаптымыз. Облыстар, аудандар, қалалар, ауылдар және шекара маңындағы аумақтар мықты болмаса, Қазақстан да қуатты болмайды. Қай жерде тұратынына қарамастан әр адамға баспана, жол, су, жылу, интернет, медицина, білім, мәдениет, спорт және жұмыс орындары сияқты негізгі игіліктер жетуге тиіс. Біз адамның қадір-қасиетін қастерлейтін әлеуметтік саясатқа жауаптымыз. Мемлекеттің көмегі шын зәру жандарға, оларды кемсітпей, артық бюрократия сарсаңына салмай және құр ресми қарым-қатынассыз тура жетуге тиіс. Балаларға, аға буынға, мүгедектігі бар азаматтарға, көпбалалы отбасыларға, басына қиын іс түскен отбасыларға, табысы төмен қызметкерлерге, ауыл тұрғындары мен жастарға ерекше назар аудару керек. Біз білім, денсаулық, ғылым және цифрлық технологиялар Қазақстан келешегінің негізіне айналғанына жауаптымыз. Мектеп – білім, колледж – мамандық, университет – білік, медицина – ерте бастан көмек және сапалы ем, ғылым – жаңа шешімдер, цифрландыру – қолайлылық пен ашықтық, жасанды интеллект – азаматтар мен экономикаға керек жаңа мүмкіндіктер беруге тиіс. Біз жаңа жауапкершілік мәдениетіне жауаптымыз. Әділетті Қазақстанға заңға құрмет, адал еңбек, қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау, диалог мәдениеті, медиасауат, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу, табиғатқа жанашырлық, үлкенді құрметтеу, отбасын қолдау және жастарды тәрбиелеу сынды кемел қоғамның қасиеттері керек. Біз қоғамның сенімі тектен-тек бұйырмайтынын түсінеміз. Сондықтан «Әділет» партиясы адал айтып, ашық жұмыс істеуді, өз әрекетінің мәнін түсіндіріп, нәтижесіне есеп беріп отыруды міндеті деп біледі. Біз өзімізге адамдардың өмірі қаншалық өзгергеніне, мемлекетке деген сенім қаншалық нығайғанына және лайық өмір сүру мүмкіндіктері қаншалық кеңейгеніне қарап баға береміз. Біз сайлауға нақты іс, жауапкершілік және әділет партиясы болып түсеміз. Біздің мақсатымыз – Конституция қағидаттары әр өңірде, әр отбасында, әр еңбек ұжымында және мемлекеттің әр шешімінде шынайы практикаға айналатындай ету. «Әділет» – әділ ережелерді, қуатты институттарды, лайық еңбекті, жауапты мемлекетті және Қазақстанның келешекке деген нық сенімін таңдау.
6 «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ 10 БАСЫМДЫҒЫ Әділет – азамат пен мемлекет арасындағы сенімнің іргетасы. Заңды талғап қолдану, біреуді артық көріп, біреуді елеусіз қалдыру институттарға деген құрметті бұзады. Бірыңғай ережелер, заңға, фактілерге және кәсібилікке сүйеніп қабылданған шешімдер мемлекетті нығайтады. Сондықтан «Әділет» партиясы әділет күнделікті басқару практикасына айналсын, ал тәртіп әрдайым және барлық жерде үстемдік құрсын дейді, соған ұмтыла береді. 1 - Б Ө Л І М 1 ЗАҢ МЕН ТӘРТІП 1.1. Әділетті Қазақстан азаматтары ұстанатын құқықтық тәртіп Қауіпсіздік – адамның күнделікті алаңсыз өмірі: баласын еш уайымсыз мектепке жібергені, кеш қайтудан қауіптенбегені, үйі мен мүлкінің амандығына сенгені, өзін қорғауға міндетті жандарға сенім артқаны. Әр отбасының өмір сапасы дәл осы қауіпсіздік сезімінен басталады. Сондықтан біз құқықтық тәртіпті адам мүддесін қорғайтындай етіп құрамыз, оның өлшемі азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі мен өзін қорғаулы сезінуі болады. Сонымен бірге қауіпсіз әрі жайлы орта полицияның жұмысына ғана қарап тұрған жоқ. Оған елді мекендерді абаттандыру, қоғамдық орындарға жарық беру және қала мен ауылдағы құқық бұзудың алдын алуды көздейтін жүйелі жұмыс та тікелей әсер етеді. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Профилактикаға, цифрландыруға және қоғам сеніміне сүйенетін құқықтық тәртіптің жаңа моделіне көшеміз. Құқық бұзудың алдын алу шараларын күшейтеміз. Оның ішінде жазаның балама түрі ретінде қоғамдық жұмыстар жүйесін дамытып, оны қолдану аясын кеңейтеміз. Жауапкершілік әділ әрі істелген іске сай болуын сақтай отырып, жазадан жалтарып кету болмайтындай етеміз. Бұлтартпас жауапкершілік – қаталдық орнату үшін ғана қатал болу емес, ол ең алдымен жәбір көрген адамның құқығын қорғау, қиянат көрген жанға әділет әперу.
7 1.2. Әділ әрі баршаға тең сот төрелігі Тәуелсіз әрі нәтижелі жұмыс істейтін сот жүйесі – ол азаматтардың құқықтары қорғалуына әрі экономиканың орнықты дамуына сеп болатын, құқықтық мемлекеттің басты тіректерінің бірі. Сотқа жеткен әр даудың артында әділет іздеп, өз құқығын сұрап барған адам тұрады, жүйе ең алдымен сол адамға әділет әперу жолында жұмыс істеуге тиіс. Сонымен бірге сот жүйесінде шешімін күтіп тұрған түйткілдер де жоқ емес: соттарға шамадан тыс жүктеме түсіп отырғаны, сот шешімдерінің сапасын арттыру қажеттігі және қоғамның сот төрелігіне деген сенімін нығайта түсу міндеті әлі де өзекті болып отыр. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Құқық қорғау органдарының жұмысына цифрлық технологияларды енгізу ісін жалғастырамыз. Құқық қорғау органдарының Бірыңғай болжам-талдау орталығын құрамыз. Ол құқық бұзудың алдын алуға сеп болады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесі мен кәсіби деңгейін арттырамыз. Олардың әлеуметтік жағынан қорғалуын күшейтеміз: лайық еңбекақы, баспана және сапалы медицинаға қол жеткізу мәселесі шешіледі. Әлеуметтік жағынан қорғаулы әрі қоғам құрметтейтін тәртіп сақшысы ең алдымен азаматтардың өзіне керек: ол ел алдында адал да кәсіби қызмет атқарады және өз қажетін азаматтардың есебінен өтеп алуға мәжбүр болмайды. Осы шаралардың бәрінің көздегені – бір мақсат: әр адам өзін қорғаулы сезінсін, ал мемлекет күнделікті өмірде оның сенімді тірегіне айналсын дейміз. Соның нәтижесінде зәредей қауіп сезінбей өмір сүретін азаматтар үлесі арта түседі. Заң мен Тәртіп – мемлекеттік институттар ғана емес, ең алдымен қоғамның мәдениеті. Біз заңды құрметтеу, азаматтық жауапкершілік пен тәртіп, сондай-ақ кез келген теріс ниет-пиғылға төзбеу мәдениетін орнықтырамыз, заңды ұзақмерзімді тұрақтылықтың басты негізі деп танитын қоғамдық келісімді нығайтуға ұмтыламыз. Тәуелсіз, кәсіби әрі әділ институт ретінде сот жүйесін дамыта түсеміз. Дауларды балама жолмен шешу және сотқа жеткізбей реттеу тетіктерінің аясын кеңейтіп, соттарға түсетін жүктемені азайтамыз. Сот шешімдерінің сапасына қойылатын талаптарды күшейтеміз, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етеміз және сот рәсімдерінің ашықтығын арттырамыз. Сот жүйесін цифрландыру ісі жалғаса береді, оның ішінде онлайн сот төрелігі дамып, сот процестері автоматтандырылады. Судьялардың тәуелсіздігі нығая түсіп, қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің артуына сеп боламыз. Сот жүйесі барша адам қол жеткізе алатын, жедел жұмыс істейтін әрі адам құқықтарын қорғауды көздейтін жүйеге айналады.
8 2 - Б Ө Л І М 2 ТИІМДІ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ИНСТИТУТТАР Мемлекеттік басқару жүйесін орталықтан бастап аудан деңгейіне дейін мүмкіндігінше аз уақытта толық институттандыруды көздейміз. Әр мемлекеттік орган жекелеген басшылардың жеке мүддесіне емес, Президент алға қойған әрі азаматтар қолдаған мақсат-міндеттерге сүйеніп жұмыс істеуге тиіс. Мықты институттар – қазіргі мемлекеттік саясаттың өзегі. Біз жорта жұмыс істеп жүргендей сыңай танытуды, жауапкершіліктен жалтаруды, непотизм мен кландық жүйенің сарқыншақтарын, нақты жұмыстың орнына есеп беріп қана жүре беретін әдетті тамырымен жоямыз. Тиімді жұмыс істейтін институттар кәсіби еңбегімен танылған және өз саласында құрмет көріп жүрген мамандардан құралғанда ғана мемлекет игілігіне қызмет етеді. 2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: алдын алу, ашықтық және жауапкершілік Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының әрі елдің орнықты дамуының негізгі шарттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық ең алдымен заңды айналып өтуге сеп болатын танысы да, оған жететін қаражаты да жоқ қарапайым азаматқа ауыр тиеді. Сыбайлас жемқорлықты жеңу – қарапайым адамның ауруханаға, Заң алдында бәрі шын мәнінде тең болатын қағидатты орнықтырамыз: заң әлсізге қатал, ал күштіге қолайлы болмауға тиіс. Заңды талғап қолдану азаматтардың мемлекетке деген сенімін бұзады, біз ондай практиканы біржола жою жолында жүйелі жұмыс жүргіземіз. Құқық қорғау органдарын ең басты басымдық – адамды және қоғамдағы қауіпсіздікті қорғау болатын сервистік модельге көшіру процесін аяқтаймыз. Білікті құқықтық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеміз, адвокатура мен омбудсмендер институтын күшейтеміз. Соның арқасында әр азамат өзіне Конституция берген құқықтарын толық пайдалана алады. Азаматтардың сот төрелігін орындауға қатысу мүмкіндігін кеңейтеміз. Халықтың сот ісіне қатысуының және сотқа деген сенімді нығайтудың маңызды тетігі ретінде алқабилер институтын дамытамыз, алқабилер қатысып қаралатын істер санатын кезең-кезеңімен кеңейтеміз. Алқабилер алқасы сот құрамына ықпал етуге жол бермейтін ашық әрі тәуелсіз кездейсоқ іріктеліп құрылады.
9 сотқа немесе мемлекеттік қызметке өзгелермен бірдей, заң жағынан да, ар-ождан қағидатына сай да қол жеткізе аламын деген сенімін қайтару деген сөз. Елдің өсуі мен дамуы алдын алу тетіктерін күшейтуді, мемлекеттік процестердің ашықтығын арттыруды және сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін орнықтыруды талап етеді. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 2.2. Өкілдік билік және азаматтық қоғамды жұмылдыру Мемлекеттің орнықтылығы оның институттарының сапасына байланысты болады және жекелеген тұлғаларға тәуелді болмауға тиіс, сондықтан қуатты институттар төменнен жоғары қарай қалыптасады, ал стратегияны орталық үйлестіреді. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың профилактика мен цифрлық ашықтыққа сүйенетін жаңа моделіне көшеміз. Шешім қабылдау кезінде адам факторын барынша азайтып, ел басқару процестерінің ашықтығына сеп болу үшін цифрлық технологияларды кеңінен енгіземіз. Қоғамдық бақылаудың рөлін күшейтіп, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуын арттырамыз. Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейте отырып, сыбайлас жемқорлық қылғандар бұлтара алмай жазасын тартуына сеп боламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыратын тиімді тетікке айналады. Саяси жаңғырудың негізгі бағыты ретінде парламентаризмді дамыта түсуді және өкілдік билікті күшейтуді қолдаймыз. Құрылтай мен өңірлердегі мәслихаттар қоғам мүддесін қорғайтын нақты орталықтарға айналады. Сапалы заң шығару, идеялардың адал бәсекесі, ашық пікірталас, сайлаушылар алдындағы тікелей жауапкершілік және қоғамдық бақылауды күшейту – кемел саяси жүйеге бастайтын жол. Мемлекеттік аппаратты, сарапшыларды, азаматтық қоғамды, бизнесті және белсенді азаматтарды ел дамуының ең маңызды мәселелеріне ортақ шешім іздеу жолында жұмылдыратын институт ретінде Халық кеңесінің дамуына сеп боламыз. Халық кеңесі мемлекеттік реформаларды қоғам тұрғысынан сүйемелдейтін, азаматтардың сұранысын дер кезінде ескеріп, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін пәрменді тетікке айналады.
10 2.3. Меритократия және кадр саясаты Мемлекеттің кадр саясаты меритократия, мінсіз бедел және қоғамға қызмет ету қағидаттарына сүйенуге тиіс. Әлеуметтік лифтілер адамның еңбегі мен қабілетіне қарай жұмыс істесін, ал мемлекеттік институттар халық алдында есеп берсін деп, мемлекеттік қызметке өңірлердің өкілдерін, кәсіпкерлерді, сарапшыларды және нақты тәжірибесі бар жастарды тартамыз. Мемлекеттік қызметтің беделі артып, қоғамның оған деген сенімі күшеюіне сеп боламыз. Мемлекеттік қызметте айнымай жұмыс істейтін тәлімгерлік пен сабақтастық институтын енгіземіз. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін жүйелі түрде оқытыпүйретіп, біліктілігін үнемі арттырып отырамыз. 2.4. Халық үніне шын құлақ асатын мемлекет Халық үніне құлақ асатын мемлекет – қоғам мен мемлекеттік аппарат арасында нәтижелі диалог жүргенін көздейтін Президент тұжырымдамасының өзегі. Бұл – қоғамнан келетін белгіні дер кезінде қабылдап, әр азаматтың нақты мәселесін шешу үшін басқару тетіктерін жедел іске қосатын жүйе. Үкіметтен бастап ауылдық округке дейін барлық деңгейде халық үніне құлақ асатын мемлекеттің құралдары мен әлеуетін мақсатты түрде күшейтеміз. Саяси жауапкершіліктің жаңа стандартын енгіземіз: партия өз уәдесін орындауға міндетті. Бағдарламаның әр тармағы бойынша сайлаушылар алдында тұрақты түрде ашық есеп беру тәжірибесін қалыптастырамыз. Партияның сайтында және мобайл қосымшасында кез келген адам бастамалардың қайсы іске аса бастағанын, қайсы орындалғанын, ал қайсына қосымша күш-жігер керек болып тұрғанын және оның себебін көре алатын цифрлық мониторинг тақтасы жұмыс істеп тұрады. Қоғамдық бақылау қалыпты тәжірибеге айналуына қол жеткіземіз. Міндетті қоғамдық тыңдаулар, тәуелсіз сараптамалар, мониторинг топтары және құқық қорғау бастамалары мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың Конституция рухы мен мазмұнына сай келуін үнемі бақылап отыруға сеп болады. Азамат пен өкіметтің арасын жақындатып, қоғамның шешім қабылдау процесіне сындарлы түрде қатысуына мүмкіндік беретін мемлекеттік басқаруды цифрландыру ісін жалғастырамыз. Партия мен сайлаушылар арасындағы өзара байланыстың сапасы мен жеделдігін арттыру үшін диалогқа сүйенетін цифрлық платформа құрамыз.
11 30%«Цифрлық қоғамдық шарт» жүйесін құрамыз. Мемлекеттік аппараттағы типтік процестердің 30 пайызына дейін автоматтандырылуына сеп боламыз. Азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас барынша ашық әрі жедел бола түседі, аппараттағы күнделікті қайталанатын операциялардың үштен бірі шенеуніктер араласпай-ақ жүре береді. e-Өтініш жүйесінің тиімділігін арттырамыз. Платформа азаматтардың мәселесін нақты шешетін және ел деңгейіндегі де, өңірлер деңгейіндегі де түйткілдерді талдайтын құралға айналады. Тапсырмалардың орындалуын бақылау күшейтіліп, әлеуметтік сұраныстарға алдын ала ден қою тетігі дамытылады. eGov пен мемлекеттік цифрлық сервистерді дамыта береміз. Ең көп сұраныс бар мемлекеттік қызметтердің бәрі бірыңғай цифрлық ортадан «бір басу» қағидатымен көрсетіледі. Мемлекет азаматтан мәліметті бір-ақ рет сұратып, қалған қажет деректерді құжаттар мен анықтамаларды қайта талап етпей-ақ өздігінен алуға тиіс. Заң шығару ісін автоматтандыру, қабылданатын шешімдердің салдарын болжау және заң жобаларын талқылауға азаматтардың ашық қатысу аясын кеңейту үшін e-Parliament толық форматты цифрлық платформасының сапалы іске асырылуына сеп боламыз. Big Data мен машинаның талдауына сүйеніп шешім қабылдау үшін мемлекеттік басқару ісіне жасанды интеллектіні енгіземіз. Жасанды интеллект азаматтардың өтініштерін талдауға, әлеуметтік мәселелерді болжауға және мемлекетке алдын ала әрекет етуге мүмкіндік беретін шешімдерді дайындауға жұмсалады. Азаматтардың ел ісіне электрондық жолмен қатысу тетіктерін кеңейтеміз. Қоғамдық талқылаулар, сауалнамалар, сарапшылардан кеңес алу және бюджет құру бастамалары барысын цифрлық форматта көріп, әр азамат қай жерде жүргеніне қарамастан шешім қабылдау процесіне қатыса алады. Азаматтардың өтініштерін қарау барысындағы артық бюрократиялық рәсімдер мен келісу сатыларын азайтамыз. Мемлекеттік органдар басшыларының азаматтардың нақты мәселелерін шешудегі жеке жауапкершілігін арттырамыз. Адамға қаратылған мемлекеттік басқару қағидатын орнықтырамыз: құқықтық тұрғыдан екіұшты жағдай туындаса және бұл қоғам мүддесіне, өзге адамдардың құқықтарына немесе қауіпсіздікке қатер төндірмесе, мемлекеттік орган азаматтың пайдасын көздеп шешім қабылдауға міндетті. Құқықтық норманы түсіндірудегі күмән адамға қарсы қолданылмай, оның мүддесін көздеп шешілуге тиіс.
12 3 - Б Ө Л І М 3 ӨҢІРЛЕР МЫҚТЫ БОЛСА – ЕЛ МЫҚТЫ 3.1. Өңірлерді дамыту Елдің дамуы өңірлердің дамуынан басталады. Қазір Қазақстан экономикасы екі агломерация – Алматы мен Астанада шоғырланған, ал облыстардың көбі, шағын қалалар мен ауылдардан ел көшіп, инвестициядан да, даму мүмкіндіктерінен де қағылып отыр. Біздің міндетіміз – әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, дамуына септесу, жергілікті жерлерге көбірек өкілеттік беріп, адам қай жерде тұрса да лайық өмір сүре алатындай жағдай жасау. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Әр алуан даму басымдықтары бар бес макроөңір қалыптастырамыз. Мұндай сараланған тәсілдің арқасында аумақтардың экономикалық, географиялық және әлеуметтік ерекшеліктері ескеріліп, мемлекет ресурсы нәтижесі мол болатын бағыттарға жұмсалады. Өңірлердің бюджетке тәуелділігін кезең-кезеңімен азайтып, мәслихаттардың өкілетін кеңейтіп, шешім қабылдау тетіктерінің көбін жергілікті деңгейге өткіземіз. Өңірді дамыту мәселесі сол жердің өзінде шешілуге тиіс. Өңірлерді дамытудың «облыс орталығы – аудан орталығы – ауыл» бірыңғай жүйесін қалыптастырамыз. Әр деңгейдің өз функциялары мен құралдары анықталады. Облыс орталықтары өңірлердің дербес экономикалық, білім беру және әлеуметтік орталықтары ретінде басым қолдау алады. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, тұрғындардың көшіп кетуі тежеледі. Қалалардың өсуі инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды ілгерілете дамытумен қатар жүреді. Жаңа аудандармен бірге жолдар, инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандар қатар салынады. Ірі агломерациялардағы көлік инфрақұрылымын жаңғырта береміз. Алматы метрополитені мен BRT желісі кеңейтіліп, көлік ауыстырып міну тораптары салынып, жолаушылар билеттерінің бірыңғай жүйесіне қосылған қала маңына қатынайтын бағыттар ұйымдастырылады. Алматыда сынақтан өткен шешімдер кейін Астанада, Шымкентте және екінші деңгейдегі агломерацияларда қолданылады. Алатау қаласы жаңа технологиялық және басқару шешімдері енгізілетін алаңға айналады. Онда қала ортасын басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесі және заманауи технологияларды апробациялайтын эксперименттік құқық режимі іске қосылады. Өңірлерді дамытудың тірек нүктесі ретіндегі аудан орталықтарының рөлі күшейтіліп, оларда мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау, кәсіптік білім беру, логистика және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жұмысы дамытылады.
13 3.2. Баршаның қолы жететін баспана Өз үйі бар адам ертеңіне сенімді, отбасы берекелі болады. Біздің міндетіміз – миллиондаған қазақстандықтың өз үйіне жетуіне сеп болу. Біз еліміздің әр өңірінде, ең алдымен баспана тапшылығы сезіліп отырған жерлерде тұрғын үй құрылысын қолдаймыз. Тұрғын үй құрылысы дамыса, жаңа пәтерлер салынып қана қоймайды, құрылыста, өнеркәсіпте, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мыңдаған жаңа жұмыс орны құрылады. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 30 ШАРШЫ МЕТРГЕ Бағдарламаны іске асыру аяқталған кезде адам басына шаққандағы тұрғын үймен қамдау көрсеткішін 30 шаршы метрге жеткіземіз. Ол үшін тұрғын үй құрылысы көлемін арттырып, қолжетімді баспанаға мемлекеттің қолдауын кеңейтіп, өңірлер арасындағы алшақтықты азайтамыз. Моноқалалар мен шағын қалаларды дамытудың бөлек бағдарламасы жасалады. Экономиканы әртараптандыруға, жаңа өндірістерді тартып, жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Ауыл-аймақтарда инженерлік инфрақұрылымды, жолдарды, байланыс пен әлеуметтік нысандарды дамыту ісі жалғаса береді. Соның арқасында ауыл тұрғындары қай жерде тұратынына қарамастан базалық сервистерге қол жеткізе алады. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту туралы заң қабылданады. Онда шекара маңындағы аудандардың ерекшеліктері ескеріліп, арнаулы қолдау шаралары бекітіліп, оларды дамыту басымдықтары айқындалады. Экология саясаты өңірлерді дамытудың міндетті бөлігіне айналады. Экология мәселелері әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып шешіледі. Ипотеканы қалта көтеретіндей етеміз – ресімдеу құнын азайтып, цифрландыру есебінен ресімдерді оңайлатып, тұрғын үй несиелерін алу шарттары түсінікті болуын қамтамасыз етеміз. Жалдау ақысының бір бөлігі сатып алынатын тұрғын үйдің құнына жазылатын «Артынша сатып алатындай жалға алу» тетігін енгіземіз. Жалға берілетін тұрғын үй мен риелтор қызметтері нарығын тәртіпке келтіреміз, жалға алушылардың құқықтарын қорғап, нарық жұмысының айқын ережелерін қалыптастырамыз. Көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың мемлекеттік тұрғын үйді жалға алу мерзімін ұзартып, орнықты өмір сүруіне жағдай жасаймыз.
14 3.3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) пен коммуналдық желілерді жаңғырту Қазір инженерлік желілердің көбінің қауқары сарқылып, мүмкіндігі таусылып тұр. Желілерде апат болып, су, жылу мен электр тоғы берілуі кідіріп жататынының себебі де сол. Біз коммуналдық инфрақұрылымды қайта-қайта жөндей беруден жүйелі түрде жаңартып, жаңғыртуға көшеміз. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 86 МЫҢ «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырамыз. 2030 жылға дейін 86 мың шақырым инженерлік желі жаңғыртылып, жаңадан салынады, ол мақсатқа шамамен 13 триллион теңге жұмсалады. Салынатын тұрғын үйдің сапасын арттырамыз. Жаңа аудандарда бірден жол, балабақша, емханалар мен қоғамдық кеңістіктер қатар салынатын кешенді құрылыс стандарттарын қолдануды міндетті етеміз. Адамдарды құлағалы тұрған және тозған тұрғын үйлерден көшіру бағдарламасын толық аяқтаймыз. Отыз мыңдай құлағалы тұрған және тозған тұрғын үй иесіне қауіпсіз баспанаға көшуге мүмкіндік жасаймыз. Ескі тұрғын үй қорын жаңарту тетіктерін күшейтеміз, үлестік құрылыстағы қиындығы бар 37 нысанның бәрін аяқтап, олардан жылдап пәтер күтіп жүрген үш мыңнан астам отбасының қолына үйінің кілтін береміз. Үлескерлердің қаражатын қорғау үшін үлестік құрылыста цифрлық теңгемен есеп айырысу тетігін енгіземіз. Бұл құрылыс жұмысының әр кезеңінде қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын ашық бақылауға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген ипотека оған шынымен зәру адамдарға, соның ішінде сұранысқа ие мамандық иелері мен әскери қызметшілерге беріледі. Ауыл тұрғындары да қала тұрғындарымен бірдей тұрғын үй бағдарламаларына қол жеткізеді. Мемлекеттік қолдау ең алдымен ауыл-аймақтарда жаңа үйлер салып, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Мемлекеттің қолдауы атаулы болады. Ол ең алдымен тұрғын үйге аса мұқтаж тұрғындары көп өңірлер мен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға беріледі. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тұрғын үй қиындығын шешуге қатыса алатындай жағдай жасаймыз, оның бір тетігі – сондай қолдауға түсетін артық салық жүктемесін алып тастау болмақ.
15 40% 2030 жылға қарай инженерлік желілердің жалпы тозу мөлшерін 40 пайызға дейін азайтамыз, соның арқасында коммуналдық қызметтердің сенімділігі артып, апаттар азаяды. 3.4. Көлік инфрақұрылымын және транзит әлеуетін дамыту Жолдар сапалы, көлік заманауи болғаны өңірлердің өзара байланысуына, жолаушылардың қауіпсіздігіне және елдің көлік әлеуетінің дамуына сеп болады. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 10 МЫҢ 2029 жылға дейін 10 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргіземіз. Ақтөбе – Қызылорда автожолы қайта жаңғыртылып, Бейнеу – Сексеуіл және Орталық – Батыс көлік дәлізі салынады. Инфрақұрылымды жаңартуға қажет жабдықтар мен материалдарды сатып алғанда қазақстандық өндірушілерге басымдық берілуін қамтамасыз етеміз. Бұл шара отандық өнеркәсіпті қолдап, қосымша жұмыс орындары ашылады. Тұрғындарға жылу, жарық, су мен газ жеткізу қызметтерін есеп құралдарымен жабдықтауды аяқтаймыз. Соның арқасында есеп ашық жүреді әрі коммуналдық ресурстарды ысырап қылмай жұмсауға мүмкіндік туады. Бірыңғай есеп айырысу орталықтарынан қалыптасып шығатын бірыңғай төлем құжатын кеңінен енгізу жұмысын жалғастырамыз. Тұрғындар коммуналдық қызмет ақысын түсінікті де ыңғайлы жүйемен төлей алады. Ұлттық жобаны іске асыру барысын цифрландыруға сеп боламыз. SMART TURMYS ақпараттық жүйесінде коммуналдық ресурстарды есепке алуды және инфрақұрылымды басқаруды автоматтандырамыз. МИБ, ПИК төрағалары мен коммуналдық қызметтердің өзара іс-қимыл жасауына арналған бірыңғай цифрлық платформа құрамыз. Бірыңғай цифрлық терезе арқылы өтініштерді қарау жеделдеп, коммуналдық мәселелерді шешу барынша ашық әрі тиімді бола түседі. Жолдардың сапасын үнемі қадағалап, қиындығы бар бөліктерді уақытында анықтап отыруға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық жүйе енгіземіз. Трансқазақстан теміржол дәлізі құрылысын аяқтаймыз. Жаңа теміржол желілерін салып, жүктемесі көп учаскелердің өткізу қабілетін арттырып, бекеттерді жаңартып, жаңғырту жұмысын жалғастыра береміз. Жолаушы пойыздары мен вагондарды жаңартып, темір жолда жүруді қауіпсіз әрі жайлы етеміз.
16 3.5. Ауыл-аймақты дамыту Ауылда тұратын әр қазақстандық сапалы білімге, медициналық көмекке, мемлекеттік қызметтерге және заманауи инфрақұрылымға қол жеткізе алуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік қолдау адамдарға барынша нәтижелі де пайдалы болатын жерге қарата жұмсалуы керек. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 71,7% 2030 жылға қарай тірек ауылдар мен серіктес ауылдардың бәріне Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік игіліктердің толық жиынтығы жетеді. Сол стандартқа сай келетін ауылдық елді мекендер үлесін 65,8 пайыздан 71,7 пайызға жеткіземіз. Елді мекендер арасында сапалы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін өңірлердегі автобус парктерін жаңарта береміз. Автобустар, патруль автокөліктері, автобустар мен арнаулы техника сатып алғанда қазақстандық өндірушілерге басымдық беріледі. Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырта береміз. Сауда жүгі мен транзит көлік шекарада сағаттап тұрмасын деп, шекарадан өту уақытын азайтып, кезекті қысқартамыз. Сенімді инфрақұрылым бизнестің шығынын азайтып, өмір сапасын айқындайды. Көлік, энергетика және су саясатында ұзақмерзімді жоспарлау, ашық ережелер және нәтижесіне жауапты ұстаным керек. Автомобиль тасымалын дамытудың кешенді жоспары қабылдануына бастамашы боламыз. Шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу ашық болады әрі цифрлық форматқа көшеді, ал нарыққа кірудің халықаралық шарттарын келісу кезінде отандық тасымалдаушылардың мүддесі ескеріледі. Шекара маңындағы сауда-логистика орталықтары желісінің ауқымын кеңейтеміз. Ресеймен шекарадағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығын, Қытаймен шекарадағы Қорғас торабы мен Қалжат құрғақ портын, Каспий торабын, Өзбекстанмен шекарадағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын және Қырғызстанмен шекарадағы «Алатау» сауда-логистика кешенін дамыту ісін жалғастыра береміз. Елдегі ауыл тұрғындарының тоқсан пайызға жуығы тұрып жатқан 3 500 тірек ауыл мен серіктес ауыл қалыптасады. Ауыл инфрақұрылымының негізі солар болмақ. Ауыл кластерлері жүйесін қалыптастыра береміз. Тірек ауылдар төңірегіндегі елді мекендер үшін білім, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер және экономиканы дамыту орталықтарына айналады.
17 97% Ауыл тұрғындарының 97 пайызына интернет жеткіземіз. Кеңжолақты байланыс ауыл тұрғындарына қашықтан білім алуға, телемедицинаға, мемлекеттік қызметтер мен өнімді өткізудің цифрлық арналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тұрғыны аз ауылдардағы азаматтардың көлік қатынасына, мобильді мемлекеттік сервистер мен цифрлық қызметтерге қол жеткізуіне сеп болып, қай жерде тұратынына қарамастан қажет қызметтердің бәрі жетуіне жағдай жасаймыз. Ауыл-аймақтарда ауыл шаруашылығынан тыс жұмыспен қамтуды дамытамыз – агротуризмді, қызмет көрсетуді, қолөнерді дамытып, ауылдағы отбасылардың табыс көзін кеңейтеміз. Ауылдық округ әкімдерінің жұмысының тиімділігіне баға беру жүйесін өзгертеміз, енді ол халықтың табысы артуы сынды өлшенетін көрсеткіштерге байланысты болады. Әкімдердің міндеттерінен оларға тән емес функцияларды алып тастаймыз. Қолданыстағы Өңірлік инфрақұрылым стандарттары жүйесін халық үшін ғана емес, шағын және орта бизнесті, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға да енгіземіз. Ауылдық округтерде орналасқан кәсіпорындардан түсетін салық және салық емес төлемдерін алуға бюджетаралық лимиттер енгізу арқылы салық түсімдерін бөлуді әділ ете түсу жолдарын пысықтаймыз. Ауылдарға су жеткізу жүйелерін жаңарта береміз. Ауыл тұрғындарына таза су үздіксіз берілуі үшін желілерді жөндеп, ескірген жабдықтарды ауыстырамыз. Ауылдық елді мекендерді сенімді электр қуатымен қамтамасыз етеміз. Ауылдардың бәріне электр желісі тартылған, ендігі басты назар желілердің сапасы мен энергия берілуін тұрақты етуге аударылады. Шалғайдағы және шекара маңындағы ауылдарға отандық телерадиохабар арналары мен кеңжолақты интернет жеткіземіз. Тірек ауылдарда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жекелеген функцияларын қоса атқаратын пошта бөлімшелерін ашамыз. Нормативтік жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесін 86 пайыздан 95 пайызға дейін жеткіземіз. Бұл жолға жұмсалатын уақытты азайтып, мектеп, аурухана, базар мен аудан орталықтарына жетуді оңайлатады. Ауылда ауыл шаруашылығынан тыс табыс табу мүмкіндіктерін кеңейтеміз. Өнімді қайта өңдеуді, қолөнерді, ауыл туризмін, қызмет көрсету саласы мен цифрлық жұмыс орындарын қолдаймыз. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға көрсетілетін қолдауды күшейтеміз. Мұғалімдер, дәрігерлер мен ауылға қажет өзге де кадрлардың сол жерде тұрақтап қалуына жағдай жасау үшін баспана мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытамыз.
18 4 - Б Ө Л І М 4 ӘДІЛ, БӘСЕКЕЛІ ЭКОНОМИКА Экономикада біз неге қарсы екенімізді ашық айтамыз: инерциямен жүріп келе жатқан шикізаттық модельге, бюджетті игеру үшін ғана игеруге, адал бәсекенің орнын басқан монополиялар мен артықшылық жүйесіне қарсымыз. Нарықтың орнына артықшылық жүрген жерде азаматтардың өссем деген ынтасы жоғалып, сенімі әлсірейді. Табыс баға өсімінен озып өскенде ғана өсімнің мәні бар. Азаматтардың, әсіресе табысы төмен отбасылардың сатып алу қабілетін қорғау біз үшін жалақыны өсіруге тең маңызды басымдық болып қала береді. 4.1. Индустрия саясаты: игеру емес, өндіру Кейінгі отыз жылда Қазақстанның өндіруші өнеркәсібі үш есеге жуық өсті. Ал өңдеуші өнеркәсіп тек 1990 жылдардың басындағы деңгейіне әрең жетті. Еліміз әлі күнге дейін шикізат экспорттап, дайын өнімді импорттап, қосылған құннан, жұмыс орындарынан және өз өндірісін дамыту мүмкіндіктерінен айырылып отыр. Біздің міндетіміз – ел ішінде шикізат өңдеуді және қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттырып, осы модельді өзгерту. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Ауылдық округтердің қаржылай дербестігін кеңейтеміз. Жергілікті мәселелердің көбі тікелей халықтың қатысуымен шешілсін деп бюджеттің төртінші деңгейіне қосымша салық түсімдерін береміз. Ауылдық әкімдіктердің қаражат жұмсалуы мен нақты нәтижелері бойынша есептілігін бекітеміз. Жергілікті органдардың жұмысына тұрғындардың өмір сапасы қалай өзгергеніне қарай баға беріледі. Облыс және аудан орталықтарының, қалалар мен ауылдардың үйлесімді дамуына сеп боламыз. Өңірлердің экономикасына құйылатын инвестиция қажет әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытумен қатар жүреді. Үйлесімді өнеркәсіп саясаты іске асуына сеп боламыз. Индустрия, салық, сауда, қаржы және білім беру саясаты отандық өндірісті дамытуды көздейтін біртұтас жүйе болып жұмыс істейді. Шикізатты шетелге тасығаннан гөрі, Қазақстан ішінде қайта өңдеген тиімді болатындай жағдай жасаймыз. Ең алдымен отандық өңдеушілерге жеткізілуге тиіс шикізат тауарларының тізбесін кеңейтеміз. Дайын өнім шығаратын адал кәсіпорындарға қосылған құн салығын қайтаруды жеделдетіп, жеңілдетеміз.
19 4.2. Сауда саясаты Дүниежүзіндегі сауда-саттық барған сайын прагматикалық сипат алып келеді. Ірі экономикалар өз өндірушілерін қорғап, экспортты қолдайды және ұлттық бизнесіне артықшылық береді. Қазақстан да адал бәсекені сақтап, халықаралық міндеттемелерін орындай отырып, отандық компаниялардың мүддесін барынша белсенді қорғауға тиіс. Ел ішіндегі өндіріс тізбектерін дамытамыз. Қазақстанда өндірілген негізгі материалдар құрамдас бөлшектер, шала фабрикаттар мен дайын өнім шығаруға жұмсалсын деп, ірі, орта және шағын бизнес кооперациялануына жағдай жасаймыз. Қосылған құны жоғары жаңа өндірістер құруды қолдаймыз. Мемлекеттік қолдау экспорт әлеуеті жоғары және импорттың орнын баса алатын нақты өнім шығаруды көздейді. Соның ішінде дәрі-дәрмек, композит материалдар мен өзге де стратегиялық маңызды құрамдас бөлшектерді өндіруге негіз болатын шағын тоннажды химияны дамыту ісін жалғастырамыз. Отандық өндірушілермен арадағы ұзақмерзімді жеткізу шарттары мен офтейккелісімшарттар қолданысын кеңейтеміз. Мұндай тетікті жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құраушы кәсіпорындар да, ірі инфрақұрылымдық жобаларын іске асыратын ұлттық компаниялар да қолданады. Соның арқасында кәсіпорындар өндірісті алдын ала жоспарлап, қаржыландыру тарта алады және қауқарын арттыруға инвестиция құя алады. Ірі жобалардағы қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үлесін кезең-кезеңімен арттырамыз. Жергіліктендіруге қойылатын талаптар жекелеген салалардың ерекшелігі мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін ескере отырып қалыптастырылады. Отандық инвестор мәртебесін бекітеміз. Өндіріске қаражат құйып, жұмыс орындарын ашып, ел ішіндегі қайта өңдеуді дамытып отырған қазақстандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың арнаулы шараларына және жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізе алады. Мемлекеттік қолдауды нақты нәтижелерге байланыстырамыз. Салық жеңілдіктері, субсидиялар және өзге де қолдау шаралары инвестиция, өндіріс пен экспорт көлеміне, жұмыс орындарын ашуға, технология трансфері мен кадр даярлауға қатысты міндеттемелер болған жағдайда ғана беріледі. Кәсіпорын мойнына алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда мемлекеттік қолдау тоқтатылады немесе азайтылады, ал берілген қаражат пен жеңілдіктер шарттардың орындалмау деңгейіне қарай қайтарылуға тиіс. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жетілдіреміз. Қайта өңдеу, өндірісті жергіліктендіру және қосылған құн қалыптастыру деңгейіне қойылатын бірыңғай талаптарды бекітеміз. Мемлекеттік қолдау мен сатып алудағы артықшылықтар шын мәнінде Қазақстанда өнім шығарып отырған кәсіпорындарға беріледі.
20 НЕ ІСТЕЙМІЗ: Қазақстанда өндірілген өнімді сауда желілерінде, электрондық алаңдар мен шетел нарықтарында жүйелі түрде ілгерілетуге сеп боламыз. Электрондық сауда отандық кәсіпорындар, оның ішінде шағын және орта бизнес үшін толыққанды экспорт арнасына айналады. Отандық тауарларды ілгерілетуге арналған жеке бағдарламаны іске қосамыз. Қазақстандық өндірушілер сауда желілеріне, цифрлық платформаларға және мемлекеттік сектордың ұзақмерзімді сатып алуына қол жеткізеді. Өнімнің сапасы мен шығу тегін растау үшін «Қазақстанда жасалған» бірыңғай брендін қалыптастырамыз. Ел ішінде шығарылған тауарларды сатып алуға қосымша жағдай жасаймыз. Жеңілдетілген несие бағдарламалары қазақстандық өнімге деген сұранысты ынталандырады, ал қаржы секторының қаражаты нақты өндірісті дамытуға көбірек жұмсалады. Бұл отандық тауарлардың сатылымын ұлғайтуға, кәсіпорындардың қауқарын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Шикізаттық емес экспортты қолдауды күшейтеміз. Қазақстандық кәсіпорындар шетел нарықтарына шыққанда, серіктес іздегенде және өз өнімін ілгерілету барысында қаржылай, инфрақұрылымдық және дипломатиялық көмек алады. Тауарларды қадағалаудың цифрлық жүйесін құрамыз. Тұтынушы өнімнің шығу тегі мен түпнұсқалығын кодқа қарап тексере алады, ал адал бизнес контрафакт тауарлар мен заңсыз импорттан қосымша қорғаулы болады. Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізіп жатқан кәсіпкерлерді қолдаймыз. Оларға жаңа талаптарға көшу шығындарын азайтатын қосымша салық және өзге де қолдау шаралары қарастырылады. Контрафакт әрі қауіпті өнімдермен күресті күшейтеміз. Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тұрмыс химиясын қоса алғанда, барынша шетін санаттардағы заңсыз айналым ауқымын бағамдаймыз және мұндай өнімнің ресми расталған жеткізу арналары арқылы қадағалануына ықпал етеміз. Бұл оның шығу тегін жедел тексеруге, заңсыз айналымды тануға және қауіпті әрі контрафакт тауарлардың нарыққа шығып кетуіне жол бермеуге мүмкіндік жасайды. Зияткерлік меншік нысандарының кедендік тізілімінің тұрақты жұмыс істеуіне сеп боламыз. Құқық иелері өз тауарлары мен брендтерін заңсыз әкелуден және қолдан жасаудан тиімдірек қорғай алады. Контрафакт өнімдер айналымын анықтап, оның жолын кесудің бірыңғай тәртібін бекітеміз. Мемлекеттік органдар, бизнес пен құқық иелері ақпарат алмасудың және заң бұзуға ден қоюдың ортақ ережелерін пайдалана отырып, үйлесімді әрекет етеді. Ішкі нарықты қорғау жөніндегі ведомствоаралық үйлестірудің тұрақты тетігін құрамыз. Ол кеден, салық, құқық қорғау және салалық мемлекеттік органдардың ісәрекеттерін жедел біріктіруге мүмкіндік
21 4.3. Инвестициялық тартымдылық және қаржы нарығы Экономика инвесторлар өз құқықтары қорғалатынына сенімді болатын, ал азаматтар қаржы жүйесіне сенім артатын ортада дамиды. Біздің міндетіміз – Қазақстанда инвестиция құю, өндірісті дамыту және қаржы қызметтерін пайдалану қауіпсіз болатындай жағдай жасау. Мемлекет меншік құқығын қорғап, адал инвесторларды қолдауға және нарыққа қатысушылардың бәріне ортақ әділ ережелер болуын қамтамасыз етуге тиіс. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Меншік құқығы сенімді қорғалуын қамтамасыз етеміз. Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтып, рейдерлікке қарсы тұрамыз және қаржы нарығы мен бағалы қағаздар нарығына деген сенімді дәйекті түрде арттыра береміз. Экономиканың нақты секторын ұзақмерзімді қаржыландыру көзі ретінде отандық қор нарығын дамытамыз. Кәсіпорындардың капитал нарығына шығуына, акциялар мен корпоративтік облигациялар шығаруына, институттардан жеке инвесторлардан қаражат тартуына жағдай жасаймыз. Адал жолмен иеленген меншікке қол сұғылмайды деген қағидат бекітеміз. Бұрын жасалған мәмілелер заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана қайта қаралады. Адал меншік иелері мүлкін тартып алмақ пиғылдылардан қорғалады, ал мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетінен болған залал міндетті түрде өтелуге тиіс болады. Экономиканың жоғары технологиялы салаларына инвестиция тартуға қосымша жағдай жасаймыз. Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан шетелдік инвесторларға атаулы ынталандыру шараларын, оның ішінде «Алтын виза» иегерлеріне арналған салық жеңілдіктерін сақтап, аясын кеңейтеміз. Инвестициялық жобаларды іске асыруды жеңілдетеміз. Салық міндеттемелерін азайту арқылы инвесторлардың инженерлік және көлік инфрақұрылымын құруға жұмсаған шығынын өтеу мүмкіндігін қарастырамыз. Бұл жаңа өндірістерді іске қосуды жеделдетуге және инвестициялық жобаларды іске асыру құнын азайтуға мүмкіндік береді. Инвесторларға мемлекеттен берілетін қолдауды нақты нәтижелерге байланыстырамыз. Салықтан жеңілдіктер мен өзге де преференциялар берген кезде жобаның ерекшелігіне қарай инвестиция көлемі, жұмыс орындарын ашу, технология трансфері, кадр даярлау, жергілікті жеткізушілерді дамыту және шикізаттық емес экспорттың өсуі сияқты түрлі көрсеткіштер ескерілуі мүмкін. Инфрақұрылымдық және өндіріс жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдануды кеңейтеміз. Мемлекет жеке инвестициялардың орнына басқа нәрсе ұсынбай, тәуекелдерді бөлісіп көтеруге және қажет инфрақұрылымды құруға қатысады.
22 4.4. Бюджет және салық саясаты: тәртіп пен үнемшілдік Мемлекет қаржысы – қажетінше ала беретін әмиян емес. Ол – елдің кірісі мен азаматтарына берген уәдесінің арасындағы тепе-теңдік. Еліміздің бюджет кірісі көп жылдан бері шығынынан аз болып келеді. Жылдар бойы осы айырманы Ұлттық қордан қаражат алып, мемлекеттің қарызын көбейтіп жамап келеміз. Ел инвестицияға деп емес, ағымдағы шығынын өтеуге деп қарыз алды, соның салдарынан дамуға бөлінетін бюджет азая берді. Бұл – өткелі жоқ тығырық: елдің өсуіне құйылатын инвестиция азайған сайын мұнайдан тыс кіріс те кемиді, ал Ұлттық қордан қаржы алу мен қарызға жүгіну қажеттілігі арта түседі. Енді бұл үрдіс тәртіп пен үнемшілдік жағына қарай өзгереді. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Қаржы нарығындағы бәсекені арттырамыз. Азаматтар мен бизнес үшін қаржы қызметтерінің сапасын, оларға қол жеткізу мүмкіндігін және әралуандығын арттыру үшін жаңа банктердің, оның ішінде шетелдік банктердің нарыққа шығуын жеңілдетеміз. Қарыз алушылар мен қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеміз. Банк өнімдері түсінікті, несие беру шарттары ашық, ал қаржы нарығына қатысушылардың жауапкершілігі әділ болуға тиіс. Алаяқтық жолмен рәсімделген несиенің жауапкершілігін әділ бөлу тетігін бекітеміз. Заңда көзделген сақтық шараларының бәрін ұстанып жүрген азаматтар үшінші тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шекпеуге тиіс. Тиісті нормативтік-құқықтық актілер қабылдап, жекеменшікке қол сұғылмауына және адал сатып алушыны қорғауға сеп боламыз. Экономикалық құқық бұзуды қылмыстық сипаттан арылта (декриминализация) береміз. Күш қолданылмаған, жымқыру, алаяқтық немесе қасақана ірі көлемде залал келтіру болмаған әрекеттер негізінен азаматтық-құқықтық және әкімшілік кеңістікте қаралуға тиіс. Қиындығы бар берешекті реттеудің бірыңғай әрі түсінікті тетігін құрамыз, тұтынушы несиесінің шекті құнын нарық жағдайына сәйкестендіреміз, жасырын комиссияларды азайтып, несие беру ашықтығын арттырамыз. Партия «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыра береді, ал оның нәтижелері заңнаманы дамыта түсуге негіз болады. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үмітсіз қарызын реттеу рәсімдерін жеңілдетеміз. Бұл тетік қарыз алушыларды қорғау, жауапты несие беру және алаяқтыққа қарсы күрес арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, ауыр қаржы жағдайынан шығуға мүмкіндік береді. Бюджет қағидаларының қатаң сақталуын үнемі қадағалап отырамыз. Алайда бюджетті ретке келтіру шығынның бәрін бірдей азайту деген сөз емес. Қазір бюджетті салдарын ойламай азайта берген қаржы үнемдегендей көрінгенімен, ертең кірістің де азаюына себеп болады.
23 4.5. Ұлттық қор: ұрпақтан ұрпаққа өтетін әділет құралы Ұлттық қор – мұнай байлығының бір бөлігін келер ұрпаққа арнап сақтап қалуға әрі мұнай бағасының құбылуынан бюджетті қорғауға арналған, ұрпақтан ұрпаққа өтетін әділет құралы. Ұлттық қорды қазіргі шығындарды өтейтін популистік құралға айналдыруға жол бермейміз. Енгізілген бюджет қағидалары қатаң сақталады. Ұлттық қордан көзделген трансферттер тек Президенттің шешімімен ғана және тек ел үшін стратегиялық маңызы Инфрақұрылымға, өнеркәсіпке және технологияға жұмсалатын даму бюджетін, яғни күрделі шығындарды үнемдеу деген желеумен механикалық түрде азайта салуға жол бермейміз. Дәл осы шығындар ертеңгі салық базасын қалыптастырып, еліміздің шикізатқа тәуелділіктен арылуына мүмкіндік береді. Салықтан жеңілдік беру жағын жүйелі түрде қайта қарап отырамыз. Бұл жеңілдіктердің едәуір бөлігі стратегиялық ынталандыру шаралары емес, жылдар бойы қордаланған, ешқандай қарсы міндеттеме жүктеліп те, тиімділігіне тұрақты аудит жүргізіліп те бекітілмей берілген артықшылық болып отыр. Әр жеңілдіктің нақты экономикалық немесе әлеуметтік нәтижесі болуға тиіс. Қарсы міндеттемесі жоқ, өлшенетін көрсеткіштері белгіленбеген және қолданылу мерзімі айқындалмаған жеңілдіктердің бәрі жойылады. Сақталып қалатын әр жеңілдік режимі жұртшылыққа ашық түсіндіріліп, мәлім етілген мақсаттарға қол жеткізуге тікелей байланысты қарастырылады. Бұл ешқандай жеңілдігі жоқ әрі салықты толық мөлшерде төлейтін азаматтар мен кәсіпкерлерге қатысты әділ шешім болмақ. Салықты реттеу саласында сараланған тәсілді орнықтырып, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату жағдайларын барынша азайтамыз. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін тексеру қорытындысы бойынша тоқтата тұру заңда белгіленген жағдайлармен ғана шектеледі. Ипотекасы бар отбасыларға салықтан жеңілдік берілуін қайтарамыз, атап айтқанда, ипотекалық қарыздың сыйақысына салықтан шегерім беруді қайта енгіземіз. Сөйтіп, тұрғын үй несиесі қалта көтеретіндей болуына және отбасылардың өз қолында қалатын табысы артуына сеп боламыз. Цифрлық салық және кедендік реттеуді енгізуді аяқтаймыз. Жүйе міндеттемелер расталған ақпаратқа сүйеніп есептелетін, ал қолдан атқарылатын рәсімдер мен қайталама сұраулар саны азаятын «фискалдық деректер фабрикасына» айналуға тиіс. Өндіріс нысандарын салатын, технологиялық жабдықтар сатып алатын және жаңа өндіріс қуаттарын іске қосатын кәсіпорындарға қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтаруды жеделдетеміз. Әлеуметтік маңызы бар тауарларды қымбаттататын салық нормаларын қайта қарауға және еңбекақы төлеу қорына, оның ішінде зиянды әрі ауыр еңбек жағдайы бар кәсіпорындарға түсетін жүктемені азайтуға бастамашы боламыз.
24 бар инфрақұрылымды дамытуға әрі жалпыұлттық маңызы бар жобаларды іске асыруға бөлінеді, дәл қазіргі тұтынуды өтеуге жұмсалмайды. 4.6. Шағын және орта бизнес: өсем дейтін мықтыларға сенім арту Шағын және орта бизнес жаңа жұмыс орындарының, бәсекенің және әл-ауқатты арттырудың негізгі көзіне айналуға тиіс. Алайда қазір кәсіпкерлерге шамадан тыс талаптар, ережелердің тұрақсыздығы, қаржыландыруға қол жеткізудің қиындығы және бақылаушы органдардың қысымы әлі де бөгет болып отыр. Әсіресе инфрақұрылым, кадр және сұраныс тапшылығы жағдайында ірі қалалардан тыс жерлердегі компаниялардың өсуі өте қиын. Біздің міндетіміз – бизнестің жұмыс бастауына, қауіпсіз инвестиция құюына және өсіпөркендеуіне барынша қолайлы жағдай жасау. Мемлекеттік қолдау кәсіпорындардың өнімділігін арттыруды, жұмыскерлердің табысын көтеруді, экспортқа және экономикаға үлес қосуды көздеуге тиіс. Басты бағдар – мықты орта бизнесті дамытып, оның экономикадағы үлесін қазіргі 7 пайыздан 20 пайызға дейін арттыру. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Кәсіпкерлерге түсетін реттеуші жүктемесі кезең-кезеңімен азайтылады, ал мемлекетпен арадағы қарым-қатынас цифрлық форматқа көшіріледі. Жаңа бизнесті бір-ақ күнде, онлайн тіркетуге болады. Қызметті тоқтату рәсімі түсінікті әрі ауыртпалықсыз болады. Автоматтандырылған талдау мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, заңнамаға кешенді ревизия жүргіземіз. Бұл бір-бірін қайталайтын, ескірген және бірбіріне қайшы келетін талаптарды танып, жоюға мүмкіндік береді. Реттеу тұрақтылығы қағидатын бекітеміз. Қауіпсіздік пен құқықтарды қорғауға байланысты жағдайларды қоспағанда, бизнеске арналған жаңа талаптар алдын ала енгізіліп, белгіленген мерзім ішінде сақталады. Бизнесті бақылау неғұрлым ашық және қатерге қарай жүреді. Шағын және орта бизнесті аралап тексеру тек негізді қатерлер немесе ықтимал заң бұзу туралы расталған деректер болған жағдайда ғана жүргізіледі. Ірі бизнесті және қауіп-қатер деңгейі жоғары кәсіпорындарды бақылау негізінен деректерді талдауға сүйеніп қашықтан жүргізу форматына көшеді, ал аралап тексеру айрықша шараға айналады. Заңды бизнес күш құрылымдарының қысымынан қорғалады. Экономикалық дау қылмыстық қудалауға негіз болмай, негізінен азаматтық-құқықтық және әкімшілік ретпен қаралуға тиіс. Экономикалық құқық бұзғанның жауапкершілігі бас бостандығынан айыруды емес, ең алдымен келтірілген залалды өтеуді көздейді.
25 Бизнестің қызметін тоқтатып тастайтын шараларды қолдануды шектейміз. Жұмысты тоқтата тұру, рұқсаттарды қайтарып алу, жоспардан тыс тексерулер мен шоттарды бұғаттау прокурор және сот бақылауының белгіленген рәсімдерін сақтай отырып, тек заңда тікелей көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Біз кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеміз. Кепіл құралдары жүйесі шағын бизнеске шамадан тыс кепілзатсыз және ұзақ несие тарихынсыз несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балама капитал көздері ретінде венчур қаржыландыру мен краудфандинг платформалары дамытылады. Факторинг операцияларына салықтан жеңілдік беруді қалпына келтіреміз. Сонда кәсіпкер бірнеше ай бойы сатып алушыдан төлем күтпей-ақ, жеткізілген тауарының ақысын бірден ала алады және айналым қаражаты тапшылығы азаяды. Мемлекеттік қолдау жаппай субсидиялаудан нақты өсу әлеуеті бар кәсіпорындарға бағытталады. Субсидия, кепілдік және жеңілдікті қаржыландыру нақты нәтижелерге қарай беріледі. Мемлекеттің бизнесті қолдауы кәсіпорындардың жұмыскерлердің табысы мен әлеуметтік қорғалуын арттыруға қосатын үлесі, оның ішінде ресми жұмыспен қамту, әлеуметтік пакеттерді дамыту және жалақыны өсіруіне қарай беріледі. Табыс деңгейін бағалауға орташа жалақы емес, жұмыскерлердің көпшілігінің нақты жағдайын дәлірек көрсететін медиана жалақы бағдар болады. Кәсіпорындардың өсіп, неғұрлым күрделі ұйым нысандарына көшуі тиімді болатындай жағдай жасаймыз. Бір салық режимінен басқасына көшу салық ауыртпалығын күрт арттырып жібермейтіндей етіп сақтаймыз, ал бизнесті бөлшектеуге итермелейтін фискалдық және өзге де түрткілер дәйекті түрде жойылады. Дамыған бәсеке тауарлар мен қызметтердің қалта көтеретін бағасы мен жоғары сапасының негізіне айналады. Біз нарыққа жаңа қатысушылардың шығуына тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді төмендете береміз, тауар нарықтарына қол жеткізуде тең жағдайға сеп боламыз және астыртын сөз байласу мен үстем жағдайды асыра пайдалануға қарсы іс-қимылды күшейтеміз. Бәсекені шектеу азаматтар төлейтін бағаға тікелей әсер ететін шоғырлануы жоғары нарықтарға ерекше назар аударылады. Бәсекені, баға динамикасын және тауар өткізу тізбектерін бақылаудың ұлттық цифрлық жүйесін құрамыз. Ол бағаға қатысты сөз байласу, бағаны негізсіз өсіру және шамадан тыс делдалдық белгілерін тануға сеп болып, монополияға қарсы бақылаудың тиімділігін және адал бизнес пен тұтынушыларды қорғауды арттырады. Зияткерлік меншікті қорғау оңайырақ болады. Жаңа өнім, технология немесе бренд жасайтын кәсіпкер өз әзірлемесін ұзақ әрі күрделі рәсімдерсіз тіркетіп, қорғауға нақты мүмкіндік алады.
26 Шағын және орта бизнестің өсуі кәсіптік білім беруді дамытуға ұштастырылады. Арнаулы тағылымдамалар, қайта оқытып-үйрету және кәсіпорындардың нақты қажетіне сай маман даярлау бағдарламалары кеңейтіледі. Шағын қалалар мен ауыл-аймақтардағы кәсіпкерлерге бөлек қолдау тетіктері жасалады. Оларға инженерлік инфрақұрылым мен логистика қызметтеріне жетеді, сондай-ақ жергілікті негізгі тапсырыс берушілерді іздеуде қолдау көрсетіледі. Мұндай саясат агломерациялардан тыс жерлерде жұмыс орындарын ашуға және шағын қалалар мен аудандардың экономикалық орнықтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Табысты бизнес-модельдер ауқымын кеңейту тетігі ретінде франчайзингті дамыту жеке бағыт болады. Отандық кәсіпкерлік тәжірибені таратуға, орнықты кәсіпорындар құруға, еңбек өнімділігін арттыруға және ұлттық брендтерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін заманауи нормативтік және институттық негіз жасалады. Франчайзингті қолдау қазақстандық компаниялардың ел ішінде жылдамырақ кеңеюіне және халықаралық нарықтарға шығуына көмектеседі. Соның арқасында жаңа жұмыс орындары ашылады, шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесі артады және жаһандық деңгейде бәсекеге түсе алатын компаниялар қалыптасады. Мемлекет «сары парақтар» қағидатына сәйкес жеке бизнес тиімді жұмыс істей алатын салалардан дәйекті түрде кетеді. Бәсекелі тауашаларда мемлекеттің қатысуымен жаңа ұйымдар құруға тыйым салынады және мемлекеттік монополияның орнын жекеменшік монополиясы басуына жол бермей, жекешелендіруді жалғастыра береміз. Мемлекеттік активтерді беруге бәсекені сақтау, нарықтың шамадан тыс шоғырлануына жол бермеу және тұтынушы мүддесін қорғау жөніндегі шаралар ілесе жүреді. Жеке бизнестің мемлекеттік тапсырысқа ашық әрі айқын қол жеткізуіне сеп боламыз. Мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бірыңғай терезе арқылы алатындай болуға тиіс. Біз тарифтерге тоғыспалы субсидия беруден кезең-кезеңімен бас тартып, ынталандырушы тариф белгілеуге көшеміз. Бұл мемлекеттің қызметтердің сапасы мен оларға қол жеткізу мүмкіндігін бақылауын сақтай отырып, инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді. «Өрлеу» бағдарламасы іске аса береді. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту көзі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау аясы кеңейтіледі. Мұндай кәсіпорындар мүліктік қолдау және мемлекеттік тапсырысқа қатысу жағынан қосымша мүмкіндік алады. Кәсіпкерлердің пікірін ескермей, бизнесті қолдау мүмкін емес. Партия жанындағы тұрақты жұмыс істейтін Іскерлік кеңес бизнестің ұсыныстарын жүйелеп, өткізу алаңы болып дамиды.
27 4.7. Еңбек және жұмыспен қамту Адал еңбек пен білімге ұмтылыс – алға басатын қоғамның негізі. Отбасы мен мемлекет игілігі жолында адал еңбек етіп жүрген әр адам лайық өмір сүруге тиіс. Бұл – әділ мемлекеттің басты қағидаты. Әр адам екі қолға бір жұмыс деп емес, тұрақты табыс тауып, қоғамнан құрмет көріп, ертеңгі күніне сенімді болып өмір сүруге тиіс. Еңбекқорлық пен кәсібилік қоғам мойындаған басты құндылықтарға айналуға тиіс. Біздің міндетіміз – адал еңбек етуді тиімді деп білетін, ал табысқа білімнің, еңбек пен жауапкершіліктің арқасында жететіндей жағдай қалыптастыру. Сапалы жұмыс орындарын ашу, еңбекақыны әділ төлеу және сенімді әлеуметтік қорғау арқылы еңбек етемін, дамимын деген әр адамға мүмкіндік жасаймыз. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 1 МИЛЛИОН Еңбек өнімділігін арттырып, экономиканың жаңа өсу нүктелерін дамыта отырып, жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары санын көбейтеміз. 2031 жылға қарай елімізде кемі 1 миллион сапалы, тұрақты жұмыспен қамтитын, өңірдегі медиана жалақыдан төмен емес еңбекақы, толық әлеуметтік топтама мен қауіпсіз еңбек жағдайын беретін жұмыс орны құрылады. 10 МЫҢ Әкімдерге жүктелген өңірдегі әр 10 мың тұрғынға шаққанда жыл сайын еңбекақысы лайық әрі ашық төленетін кемі 100 жұмыс орнын ашу міндетін сақтаймыз. Жұмыспен қамту сапасын міндетті зейнетақы жарналары деректерінен қарап, бақылап отырамыз. «Көлеңкелі» жалақы мен өтірік жұмысқа тұрғызуға жол берілмейді. Елімізде сапалы жұмыс орындарын құруға қажет жағдай жасаймыз. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігін арттырып, олардың аясын кеңейтеміз. Соның ішінде жұмыс орнында оқытып-үйрету және субсидияланатын жұмыс орындары тетіктерін дамытамыз. Проактив қағидатқа сүйеніп жұмыс істейтін жұмыспен қамтудың цифрлық сервисін іске қосамыз: жұмыссыздықты тіркеп қана қойып отыра бермей, оны ерте анықтап, алдын алуға көшеміз. Азаматтың цифрлық профиліне қарап интеллектуалдық талдау жасайтын жүйе бос жұмыс орындарын және мемлекеттік қолдау шараларын әр адамға дәлме-дәл ұсынуға мүмкіндік береді.
28 Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа тұрғызу квоталарының нақты орындалуына сеп боламыз. Мұнда басты мақсат – оларды жай ғана жұмыспен қамту емес, лайық жалақысы бар тұрақты жұмысқа тұрғызу. Квоталарды есептеу автоматтандырылады, ал олардың орындалмауы немесе өтірік жұмысқа тұрғызу фактілері уәкілетті мемлекеттік органдарға жедел жолданып отырады. Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың құқығын қорғаймыз. Ол үшін азаматтарды шетелге жұмысқа тек тексерілген агенттіктер ғана жібере алатындай етіп, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің тізілімін енгіземіз. Білігі төмен шетелдік жұмыс күшін тартуды кезең-кезеңімен азайтамыз. Бұл қазақстандықтарды жұмыспен қамту аясын кеңейтіп, білігі төмен еңбек сегментіндегі жалақының өсуіне сеп болады. Әр жұмыскердің құқығын қорғаймыз. Еңбек етіп жүрген әр адам қорғаулы болуға тиіс. Еңбекақы, еңбек шарты және әлеуметтік аударымдар – жұмыс берушінің таңдауына қарай орындалатын талап емес, әр қызметкерге берілетін негізгі кепілдік. Біз бұл талаптар кәсіпорынның көлеміне немесе жұмыспен қамту түріне қарамастан баршаға бірдей жүруіне сеп боламыз. Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің аясын кеңейтеміз. 2031 жылға қарай жалдамалы қызметкерлердің кемі 95 пайызы электрондық еңбек шартын жасасып жұмыс істейді. Бұл жаңа жұмыспен қамту түрлерін қоса алғанда, жұмыс берушілердің бәріне міндетті талапқа айналады. Кәсіпорын банкрот болған жағдайда әуелі жұмыскерлердің еңбекақысы төленеді деген қағидат енгізіп, меншік иелері мен басшылардың жауапкершілігін күшейтеміз. Соның арқасында ең алдымен жұмыскер адал еңбегімен тапқан ақысын алады. Кәсіпорындардың бәрінде еңбек қатынастарын цифрлық мониторинг жасап бақылауды енгіземіз. Жұмыс беруші енді жұмыскерлерін жасырып, олардың атынан зейнетақы жарналары мен басқа да міндетті әлеуметтік төлемдерді төлемей жүре алмайды. Деректердің бәрі автомат түрде салыстырылып, анықталған заң бұзу жағдайлары дереу еңбек инспекциясына жолданып отырады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қызметкерлердің жалақысы бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автомат түрде есептеуге, төлем құжаттарын қалыптастыруға және оларды екінші деңгейлі банктерге жолдауға мүмкіндік беретін «Еңбекақы төлеу қоры бойынша міндеттемелерді автоматты түрде есептеу» («Бір рет басып есептеу») цифрлық сервисін құрамыз. Жұмыс беруші салықтар мен әлеуметтік төлемдерді қолдан есептеп, банкке төлем құжаттарын жіберіп отыруға мәжбүр болмайды.
29 Интернет-платформалар арқылы еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын жақсырақ қорғау үшін платформада жұмыспен қамтудың құқық жағын реттеуді дамыта береміз. Қосымшаларды пайдаланып такси, жеткізу және басқа да қызмет көрсету салаларында еңбек ететін платформалық жұмыскерлерге берілетін негізгі әлеуметтік кепілдіктерді бекітеміз. Жұмыскерлерді икемді еңбек форматынан айырмай, әлеуметтік төлемдердің түсінікті тәртібін және платформа мен орындаушы арасындағы жауапкершілікті бөлуді орнатамыз. Жастардың стартаптары мен қоғамға пайдалы, соның ішінде волонтерлік бастамаларды грант беріп қаржыландыру аясын кеңейтеміз. Қолдау іске асыру моделі түсінікті, нәтижесі өлшенетін және әрі қарай дамыту мүмкіндігі бар жобаларға қаратылады. Креатив индустрияларды дамыту шағын бизнесті қолдаудың жеке бағытына айналады. Креатив индустриялардың экономикаға қосатын үлесін 3 пайызға дейін арттыру үшін қаржыландыруға, инфрақұрылымға қол жеткізуді және авторлық құқықты қорғауды кеңейтеміз. Қызметкердің еңбек өнімділігі мен білігі артқан сайын жалақысы бірге өсуге тиіс. Біз табыс адамның негізгі қажетін өтеуге ғана емес, лайық өмір сүруіне де жететін әділ еңбекақы жүйесін құрамыз. Қызметкерлер лайық жалақы мен әділ еңбек жағдайына қол жеткізсін деп, кәсіподақтар мен ұжымдық шарттар арқылы олардың келіссөз жүргізу позициясын нығайтамыз. Табыс артқаны қоғамда ауқымды әрі орнықты орта таптың қалыптасуына негіз болуға тиіс. Орта тап – ішкі сұраныс пен әлеуметтік тұрақтылықтың басты тірегі. Біз азаматтардың табысын арттырып, отбасылардың бағаның өсуі мен қарыздың ауыртпалығына тәуелділігін азайтып, олардың қаржы орнықтылығын нығайтамыз. Мемлекет пен жұмыс берушінің міндеті – әр қызметкердің жұмыс орнындағы қауіпсіздігіне сеп болу. Өндіріс нысандарын аттестаттау жүйесінен кәсіптік қатерлерді бағалау жүйесіне көшеміз. Соның арқасында қауіп-қатер көздерін адам мертігіп не мерт болмай тұрып танып, олардың алдын алатын нақты шараларды қолдануға болады. 2031 жылға қарай өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру берілген жұмыскерлер үлесін 90 пайызға жеткіземіз. Жазатайым оқиғадан зардап шеккен адамның отбасы сотқа жүгініп, мекеме жағалап жүрмей-ақ, лайық қолдауды дер кезінде алуға тиіс. Сақтандырудың қатерге қаратылған моделін енгіземіз. Еңбек қауіпсіздігіне инвестиция құятын және жарақаттану үнемі азайтып отыратын жұмыс берушілерге төмендетілген тарифтер мен сақтандыру бонустарын беруді қарастырамыз. Үш жасқа толмаған баласы бар ата-ананың еңбек сипаты мен жағдайын ескере отырып, икемді жұмыс кестесі болуын не қашықтан жұмыс істей алуын ұсыным емес, нақты орындалатын құқыққа айналдырамыз. «
30 4.8. Агроөнеркәсіп кешені: өз қажетімізді өтеуден экспортқа жету Қазақстанның елімізді негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге және азық-түлік экспортын айтарлықтай арттыруға жетердей жер, су және өндіріс ресурстары бар. Алайда ауыл шаруашылығының алдынан әлі де баға тұрақсыздығы, қаржыландыру тапшылығы, қайта өңдеу үлесінің төмендігі, судың ысырап болуы және ұсақ шаруашылықтардың шектеулі мүмкіндіктері сияқты түйткілдер шығып отыр. Біздің міндетіміз – елдің азық-түлік қауіпсіздігіне сеп болу, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауыл шаруашылығы шикізатын экспорттаудан қосылған құны жоғары дайын өнімді сатуға көшу. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Толық емес жұмыс күнімен, маусымдық немесе платформалық жұмыспен қамтылған азаматтардың құқықтарын қорғау үшін ең төмен еңбекақыны сағатқа шағып есептеу тетігін енгізу мәселесін пысықтаймыз. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандырудың бірыңғай жүйесін құрамыз. Ел және өңірлер деңгейдегі функциялар нақты бөлініп, сатып алу, қор қалыптастыру және жеткізушілермен жұмыс істеу бірыңғай қағидалар бойынша жүреді. Жүйені қайта құру оның активтеріне, міндеттемелеріне және инфрақұрылымына аудит жүргізілгеннен кейін, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің қолданыстағы тетіктерін тоқтатпай, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жаңа модельдің негізі – бағаны, қорды, сатып алуды және өнім қозғалысын бақылайтын бірыңғай цифрлық мониторинг жүйесі болады. Ол тапшылық пен бағаның өсу қаупін алдын ала анықтауға, қорды жедел қайта бөлуге және бюджет қаражатын тиімдірек жұмсауға мүмкіндік береді. Мемлекет азық-түлік қымбаттағанына жауап қатып қана қоймай, оның себептерінің алдын алуы керек. Еліміздің негізгі стратегиялық маңызы бар азық-түлік түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін көтереміз. Импортқа тәуелділік салдарынан азық-түлік қауіпсіздігі мен ішкі нарықтың орнықтылығына қауіп төндіретін бағыттарға басымдық беріледі. Аграрлық экспорт құрылымын өзгертеміз. Қазақстан шетелге астық, мал және майлы дақылдарды емес, ұн, тереңдете өңделген ет, өсімдік майларын және басқа да дайын өнімдерді көбірек сатуға тиіс. 2030 жылға қарай агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспорты 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3,5 есе өсіп, оның құрылымындағы қайта өңделген өнім үлесі 70 пайызға жетуі керек. Мал шаруашылығын жеңілдікпен қаржыландыру аясын кеңейтеміз. Кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтар өнімділігі жоғары мал басын сатып алуға және айналым қаражатын толықтыруға несие ала алады. Бұл өнімділікті арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, ет және сүт тауарлары өндірісі көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
31 60% Заманауи сүт-тауар фермаларын құрудағы Солтүстік Қазақстан облысының үлгісін ел аумағында іске асыра береміз. Бұл ұйымдасқан сүт өндірісінің үлесін біртіндеп арттырып, қайта өңдеу кәсіпорындарының бүгінде өндірістің 60 пайызға жуығын беріп отырған жеке қосалқы шаруашылықтардың тұрақсыз жеткізілімдеріне тәуелділігін азайтуға жол ашады. 70% Сүт пен етті қайта өңдеу үлесін оларды өндіру көлемінің 70 пайызына дейін жеткіземіз. Бүгінде сүттің 65 пайызы, еттің 50 пайызы қайта өңделіп жатыр. Мемлекеттік қаржы институттары қайта өңдеу кәсіпорындарын құру мен жаңғыртуға несие береді, ал субсидиялау өнімділіктің артуына және өнімнің қайта өңдеуге нақты жеткізілуіне қарайды. Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз. Суармалы жер ауданы 2,5 миллион гектарға дейін ұлғайтылып, су үнемдеу технологияларын – тамшылатып және жаңбырлатып суару қолданылатын аудан 2030 жылға қарай 1 миллион 362 мың гектарға жетеді. Қуаң өңірлердегі ирригация және мелиорация жүйелеріне қайта жаңғырту жүргіземіз. Сонымен қатар бидай монодақылына тәуелділікті біртіндеп азайтып, майлы, мал азығына жүретін және басқа да жоғары табысты дақылдар өндірісін ұлғайта отырып, егіс алқаптарының құрылымын өзгертеміз. Бұл фермерлердің табысын арттырып, мал шаруашылығы үшін неғұрлым орнықты жемшөп базасын береді. 2030 жылға қарай жалпы сыйымдылығы 2,6 миллиард текше метрге жететін 42 жаңа су қоймасын салып, қолданыстағы 37 су қоймасын қайта жаңғыртамыз. Бұл қуаңшылық кезеңдерде су жинауға, ауыл шаруашылығын сумен қамтуды жақсартуға және елді мекендер үшін су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 14,5 мың шақырымдай суару арналары салынып, қайта жаңғыртылады. Кемі 3,5 мың шақырым арна цифрландырылып, су есебін жүргізетін заманауи құралдар және су жіберу тетіктерін басқаратын автоматтандырылған жүйелер орнатылады. Бұл тасымалдау кезіндегі судың ысырап болуын азайтып, оның өңірлер мен шаруашылықтар арасында әділ әрі тиімді бөлінуіне сеп болады. Ирригация және дренаж туралы заң қабылдаймыз. Ол суару және дренаж жүйелерін пайдаланудың бірыңғай қағидаларын белгілейді, су үнемдеуге түрткі болу тетіктерін жасайды және су ресурстарын әділ бөлу қағидаттарын бекітеді. Су шаруашылығы нысандарын басқаруға жергілікті қауымдастықтар мен су пайдаланушылар бірлестіктері көбірек қатыстырылады. Солтүстік Арал теңізі, Балқаш көлі және Каспий теңізіне қорғау мен қалпына келтірудің арнайы заңнамалық режимі белгіленеді. Солтүстік Аралды қалпына келтіру және оның ауданын орнықты су теңгерімі деңгейіне дейін жеткізу ұлттық басымдықтардың бірі болып қала береді.
32 4.9. Энергетика инфрақұрылымын дамыту, энергетика қауіпсіздігін нығайту Сенімді энергетика – экономиканың, өнеркәсіптің орнықты дамуы мен адамдардың өмір сапасының негізі. Қазақстанда мұнай, газ, көмір, уран және басқа да табиғи ресурстардың әжептәуір қоры бар, алайда еліміздің ұзақмерзімді дамуы тек өндіру көлеміне ғана емес, шикізатты тереңнен өңдеуге, энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға, жаңа технологияларды енгізуге және энергияны пайдалану тиімділігін арттыруға тікелей қарап отыр. Біздің міндетіміз – еліміздің энергетика қауіпсіздігіне сеп болу, дәстүрлі энергетиканың бәсекедегі артықшылықтарын сақтап қалу, заманауи генерация көздерін дамыту, Қазақстан ішінде шикізатты қайта өңдеуді арттыру және энергетика секторы ресурстарды экспорттап қана қоймай, өнеркәсіптің, инвестициялардың және өнімділігі жоғары жұмыс орындарының өсуіне негіз болатындай жағдай жасау. Ауыл шаруашылығы кооперациясын кеңейтеміз. Ұсақ шаруашылықтарды біріктіру оларға бірлесіп техника сатып алуға, несие алуға, бірыңғай сапа стандарттарын қамтамасыз етуге, қайта өңдеу қуаттарын құруға және сауда желілерінің сатып алу алаңдарына шығуға мүмкіндік береді. Мемлекет қажет құқықтық база береді, қатысушыларды оқытып-үйретуге және кооперативтер құруды қолдауға сеп болады. Бағдарламаның жаңа қаржы құралдары оған қатысушылардың нақты сұраныстарына қарай қалыптасады. «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асырудың алғашқы екі жылында 26,5 мың шағын несие беріліп, 16,4 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Қолдау ауыл кәсіпкерлерінің практикалық қажетіне сай болсын деп, бұл тәсіл жалғаса береді. Агроөнеркәсіп кешенінде болжамды экспорт саясатын қалыптастырамыз. Фермерлер, қайта өңдеушілер және трейдерлер өндірісті, сатып алуды және сыртқы жеткізілімдерді жоспарлай алсын деп, экспортты шектеу немесе ынталандыру туралы шешімдер алдын ала жарияланады. Негізгі салалық ақпараттық жүйелерді біріктіретін бірыңғай Е-АӨК цифрлық платформасын құрамыз. Орталықтандырылған дерек базасында жер, су, субсидия, ветеринариялық бақылау және өндіріс туралы мәліметтер жинақталады. Фермердің жеке кабинеті мемлекеттік сервистердің бәріне бірыңғай қол жеткізуге сеп болады, ал талдау және жасанды интеллект құралдары нақты деректерге сүйеніп шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Платформа 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады. Аграрлық сақтандыру дамиды. Фермер полисті қолайлы бағамен сатып алып, төлемді ұзақ сот қарауынан кейін емес, расталған залал фактісі бойынша алуы үшін мемлекет сақтандыру сыйақысы құнының 80 пайызына дейін субсидиялай береді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүддесі үшін таңдау мен бәсекені кеңейте отырып, нарыққа жаңа сақтандыру ұйымдарын тартамыз.
33 НЕ ІСТЕЙМІЗ: 200 МЛРД Батыс Қазақстандағы қалалар мен аудандарды еліміздің Бірыңғай энергетика жүйесіне қосамыз. Бұл жобаға шамамен 200 млрд теңге инвестиция құйылып, оны 2028 жылға дейін аяқтау көзделеді. Энергетика қауіпсіздігі дегеніміз – бір де бір қала мен аудан жалғыз энергия көзіне қарап қалмауы. Жылына 100 млн тонна және одан да артық мұнай өндірілуін қамтамасыз етеміз. Көмірсутек шикізаты алдағы талай онжылдық бойы еліміздің энергетикасы мен экспортының негізі болып қала береді, алайда оның құны барған сайын қаншалықты тереңнен өңделетініне қарай өзгереді. 2040 жылға қарай еліміздегі мұнай өндіру мен өңдеу арақатынасы қазіргі 5:1 деңгейінен 2,8:1 деңгейіне дейін жақсаруға тиіс. 2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытының жалпы қуатын жылына 18 млн тоннадан шамамен 30 млн тоннаға дейін ұлғайтамыз. Мұнайды терең өңдеу 89 пайыздан 94 пайызға дейін өседі. Өндірілетін автокөлік отыны толықтай К5 экология класына сәйкес келеді, бұл зиянды қосылыстар мөлшері бес еседен де көп азаяды деген сөз. Мұнай өңдеуді тереңдету – стратегиялық басымдығымыз. Бутадиен мен оның туындыларын, сондай-ақ полиэтилен өндіретін мұнай-газ химия кешендерінің құрылысын аяқтаймыз. Соның нәтижесінде отандық мұнай-газ химиясы өнімдерін шығару көлемі екі есе артады. Газ саласын төрт негізгі бағыт бойынша дамытамыз. Біріншісі – 2029 жылға қарай газдың ресурс қорын 10% ұлғайту. Екіншісі – газ тасымалдау инфрақұрылымын дамытып, стратегиялық маңызы бар газ құбырларын салу. Үшіншісі – газ жеткізу және көлікті газға көшіру. Төртіншісі – энергетика теңгеріміндегі газ генерациясы үлесін 2029 жылға қарай 27 пайызға немесе жылына 40 млрд киловатт-сағатқа жеткізу. Тауарлық газ көлемі еліміздегі ең ірі кен орындары – Қарашығанақ пен Қашағанда жаңа газ өңдеу қуаттарын салу есебінен артады. Осы жобалардың нәтижесінде қосымша тауарлық газдың жалпы көлемі жылына шамамен 7,5 млрд текше метр болады. Бұл бір мезгілде ішкі нарықты газбен қамтуды кеңейтуге, газ генерациясын ұлғайтуға және көмірсутек шикізатын өндіру көлемін көбейтпей-ақ еліміздің экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Ілеспе және сұйытылған мұнай газын толыққанды экономикалық ресурс ретінде барынша тиімді пайдалануға қол жеткіземіз. Қарашығанақта газ өңдеу зауытын салу аясында газ-химия кешені құрылуын қолдаймыз. Бұл шикізатты тереңірек өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстан – әлемдегі көмір қоры ең мол елдердің бірі. Бұл ресурстан бас тарту – елдің артықшылығынан айырылу деген сөз. Ортамерзімді кезеңде көмір генерациясының энергетика теңгеріміндегі орны сақталады, алайда оның экологиялық көрсеткіштері мүлде жаңа деңгейге шығады – біз «таза көмір» технологиясын дамытуға ұмтыламыз.
34 2 400 МВТ Атом генерациясы Қазақстан үшін жаңа кезеңге аяқ басты. 2024 жылғы қазанда өткен референдумда азаматтар АЭС салуды қолдап дауыс берді. Жобалық қуаты 2 400 МВт алғашқы атом электр станциясын 2035–2036 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр. Экономиканың энергия сыйымдылығын азайту стратегиялық басымдық болып қала береді. Оны бюджеттен тікелей шығын шығармай азайту үшін энергосервис келісімшарттар нарығын дамытып, энергия тұтынуды цифрлық есепке алу жүйесін енгіземіз. 2026 жылғы қаңтарда екінші АЭС салу туралы шешім қабылданды. Атом саласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясына сәйкес, 2040 жылға қарай жалпы қуаты 6 000 мегаватқа жететін және 2050 жылға қарай қуаты 8 400 МВт болатын кемі үш атом электр станциясын салу көзделген. Дүниежүзіндегі уран қорының 14% Қазақстанның жер қойнауында жатыр: біз дәлелденген қоры жөнінен дүниежүзінде екінші орында тұрмыз және оны өндіру көлемі жағынан көш бастап келеміз. Атом саласының мультипликатив әсері зор: бұл салада ашылған бір жұмыс орны сабақтас салаларда он жұмыс орнына дейін ашылуына ықпал етеді. Саланы дамыту ұлттық кадрларды даярлау, ел ішінде технологиялық білік қалыптастырумен және ядролық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын қатаң сақтаумен қатар жүреді. Инвестор тарту үшін нақты әрі заманауи геологиялық ақпарат қажет. Ол сирек кездесетін және жер қойнауынан сирек шығатын металдарды, уранды, мысты және қазіргі өнеркәсіп пен энергетиканы басқа энергия көздеріне көшіруге қажет өзге де стратегиялық маңызды ресурстарды өндіру және өңдеу жобаларына негіз болады. Қазақстанның стратегиялық маңызы бар ресурстарды жеткізуші елге айналар әлеуеті зор. Біздің міндетіміз – осы әлеуеттің толық іске асуына жағдай жасау. Еліміздің өнеркәсіп саясатының негізгі тіректерінің бірі ретінде тау-кен металлургиясы кешенінің ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етеміз. Саланы, соның ішінде түсті металлургияны, сирек кездесетін және жерден сирек шығатын металдарды дамытудың ұзақмерзімді бағдарламалық құжатын қабылдауға қол жеткіземіз. Шикізатты ел ішінде қайта өңдеуді арттыру, ел ішіндегі өндіріс тізбектерін дамыту, инвесторларға тұрақты жағдай жасау және реттеудің болжауға келетіндей болуы басымдыққа айналады.
35 Халықаралық стандарттар мен саланың практикалық қажетін ескере отырып, жер қойнауын пайдалану туралы заңнама реформасын аяқтаймыз. Жерүсті су нысандарында және су қорғау белдеулері шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру мәселелерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға жер телімдерін беру тәртібін реттейміз. Сервитут төлемақысы, залал өтемі әділ есептелуіне, жерді иеліктен шығару, тұрғындарды көшіру мен өтемақы төлеу тәртібін ашық етуге сеп боламыз. Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс жағдайын нашарлататын, жер қойнауы туралы заңнамаға енгізілетін тұжырымдамалық өзгерістерге жарияланған мораторийді сақтаймыз және инвестициялар мен қайта өңдеу ісіне тигізетін әсерін ескере отырып, экспорттық кеден баждарына қатысты теңгерімді көзқарасты ұстанамыз. Көмір саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі бағдарламасын іске асырамыз. Көмір химиясы, көмірді қайта өңдеу және күл-қож материалдарын пайдалану саласындағы қолданбалы зерттеулерге ерекше мән береміз. Атом өнеркәсібіндегі тәжірибеге сүйене отырып, мұнай-газ және мұнай химиясы салаларында ел ішіндегі құндылық пен өндірісті жергіліктендіруді дамыту жөніндегі кешенді құжатты әзірлеуге бастама жасаймыз. Жергіліктендіру тетіктері ірі жобаларды жобалаудан бастап келісімшарт жасасқанға дейінгі бүкіл өмірлік цикліне енгізілуге тиіс. Ерте кезеңдерден-ақ қазақстандық жеткізушілер мен өндірушілерді алдын ала саралауды, сатып алу жоспарларын ашуды, ұзақмерзімді негіздемелік келісімдер мен олардың орындалуын бақылауды қарастыру қажет. Төртінші мұнай өңдеу зауытының стратегиялық маңызын ескере отырып, оны іске асыру кезеңдерінің бәрінде жергілікті қамту мәселелері қарастырылуға тиіс. Дәл осындай тәсіл саланың басқа да ірі жобаларына қолданылады. Саланы кадрмен қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз. Мұнай-газ және мұнай химиясы кешендері үшін кадрлар жөніндегі салалық кеңес құрылуына қол жеткіземіз. Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық мамандарды оқытып-үйретуге қатысты міндеттемелері аясында көзделген қаражат саланың нақты қажетін ескере отырып бөлінуге тиіс. Салық кодексінде қатты пайдалы қазбаларға арналған роялти тетігін жетілдіреміз. Салықтың құқық жағынан айқындығы мен экономикалық негізділігіне сеп боламыз, ал мөлшерлемелерін халықаралық бағдарларға сәйкестендіреміз. Мұнай өңдеу және геологиялық барлау саласында салмақталған фискалдық саясатты пысықтаймыз. Мұнай өнімдеріне акциздерді көтерудің қайта өңдеудің рентабельділігіне, мұнай өңдеу зауыттарының инвестиция жоспарларына және еліміздің энергетика қауіпсіздігіне тигізетін әсерін бағалаймыз. ПҚӨС бойынша салық маневрін жасағанда, қолданыстағы акциздерді ескере отырып, кірісті екі рет алуға жол бермейміз. Геологиялық барлау үшін неғұрлым икемді салық тетіктерін қарастырамыз.
36 5 - Б Ө Л І М 5 ЦИФРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ 5.1. Ғылымды дамыту: академиялық жүйеден – технологиялық егемендікке жету Ғылым мемлекеттің ұзақмерзімді экономикалық өсімі мен технологиялық егемендігінің басты кепіліне айналып отыр. Жаһандық бәсеке жағдайында дамыған ғылыми базасы бар және білімді технологияға тез айналдыра алатын елдер әлемдік экономикада берік орнығады. Біз технологияның басты мәні адам өмірін жеңілдетуінде, кезекті де, қағазбастылықты да азайтып, сапалы медицина мен білімді қолжетімді қылуында, жаңа табыс көздерін ашуында деп білеміз. Қазақстан ғылым мен технологияны дамытудың институттық негізін кезең-кезеңімен қалыптастырып келеді. Ғылыми әзірлемелердің практикалық базасы жасалып жатыр. Ғылымды басқарудың жаңа жүйесі құрылды: Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының рөлі күшейтілді, Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес жұмыс істеп тұр, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң қабылданды. Бұл шешімдер ғылыми саясаттың стратегиялық бағытын айқындап, оны үйлестіруді нығайтты. Сонымен бірге шешімін таппаған жүйелі түйткілдер бар. Ғылым әлі де экономикамен жеткілікті деңгейде ұштаса қойған жоқ. Ғылыми зерттеу, білім беру мен өндіріс арасында тығыз байланыстың болмауы жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу қарқынын тежейді. Инженерлік және ғылыми кадрлар тапшылығы, білім беру бағдарламаларының индустрия талаптарына сай келмеуі, кәсіби біліктіліктің халықаралық деңгейде толық мойындалмауы, зерттеу инфрақұрылымының тозуы даму әлеуетін шектеп отыр. 400 МЫҢ Кадр тапшылығы – өз алдына бөлек сын-қатер. Объективті бағаулар бойынша алдағы жылдары Қазақстан экономикасына 400 мыңнан астам маман қажет болады. Бұл ретте озық технологияларды игеру қарқыны баяу, ал практикалық бағыттағы маман даярлау деңгейі жеткіліксіз. Электр энергетикасындағы тариф саясатының ұзақмерзімді болжамдығына сеп боламыз. Тарифтерді индексациялау ашық әрі инвестициялық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болады. Әлеуметтік осал азаматтарды көздеп қорғауды сақтай отырып, тоғыспалы субсидияны кезең-кезеңімен азайтамыз.
37 НЕ ІСТЕЙМІЗ: 650 МЫҢ Қазақстандық жоғары оқу орнының әр түлегі AI-Sana ауқымды бағдарламасынан жасанды интеллектіні қолдану машығын меңгеріп шығады. Қазірдің өзінде бұл бағдарлама бойынша 650 мың студент оқып-үйреніп жатыр. Жасанды интеллект технологияларын медицина, инженерия, ауыл шаруашылығы, құқық және басқа да кәсіп салаларының бәріне енгіземіз. Бұған қоса жасанды интеллект пен DeepTech технологиялары бағытында 100 мың маман даярлаймыз. Жасанды интеллект университетін дамытамыз, бағдарламалау, жасанды интеллект және креатив технологияларды үйрететін, 12–18 жастағы оқушыларға арналған TUMO орталықтары желісін құрамыз. Ғылым, білім беру және өндіріс өзара байланыспай жұмыс істеп тұрған жүйеден бас тартып, экономика сұранысына тікелей қызмет ететін әрі жаңа өндіріс салаларын қалыптастыратын біртұтас «ғылым – білім беру – өндіріс» моделіне көшеміз. Ғылыми зерттеулер шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі толық ғылыми циклді қалыптастыру үшін өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіп кешені, цифрлық экономика және өзге де негізгі салаларда нақты технологиялық міндеттерді орындауға бағытталады. Ғылымды қаржыландырудың орнықты моделін құрамыз. Эндаумент-қорлар ғылымбілімді дамытуға бизнес пен инвесторлардың қатысуын қамтамасыз етіп, бюджеттен тыс ұзақ мерзімді қаржыландырудың тұрақты көзіне айналады. Іргелі ғылыми базаны күшейтеміз. Оның ішінде жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың негізі саналатын математика мектебін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Соның арқасында Қазақстан өз алгоритмдері мен технологиялық шешімдерін әзірлей алатын деңгейге көтеріледі. Ғылымда біртұтас талант-менеджмент жүйесін құрамыз. Дарынды жастарды қабілеті байқалған сәттен бастап жұмысқа тұрғанынша және ғылыми мансап құрғанынша үздіксіз қолдап, білім алу мен оны іс жүзінде қолдану арасындағы алшақтықты жоямыз. Осы кешенді шаралардың нәтижесінде ғылым экономикалық өсімнің, технологиялық серпілістің және азаматтардың өмір сапасын жақсартудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналады.
38 5.2. Цифрлық трансформация және жасанды интеллект: сервистерден – жаңа экономикаға өту 99% Кейінгі жылдары Қазақстанның цифрлық дамуы мемлекет пен экономиканы жаңғыртудың негізгі тіректерінің біріне айналды. Бүгінде азаматтардың 99 пайыздан астамына интернет жеткен, мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі. Электрондық үкіметті дамыту жөнінен еліміз әлемде 28-орында, ал онлайн сервис бойынша 8-орында тұр. Цифрлық технологиялар қазірдің өзінде экономиканың жаңа салаларын қалыптастырып, мемлекеттік процестердің ашықтығын арттырып, әкімшілік тосқауылдарды азайтып, азаматтардың қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтіп отыр. Кейінгі жылдары цифрландырудың экономикаға берген жиынтық әсері 1,6 трлн теңгеден асты. Бұл оның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор екенін дәлелдейді. Цифрландыру – қазақстандықтардың бүгінгі әрі келер ұрпағының табысты келешегіне қосылған баға жетпес үлес. Сонымен бірге қазіргі даму кезеңі жүйедегі бірқатар түйткілдерді де айқын көрсетті. Цифрлық шешімдер көбінесе бір-бірінен бөлек жұмыс істейді. Түрлі технологиялық платформаларда жұмыс істеп тұрған 400-ден астам ақпараттық жүйенің өзара ықпалдасуы қиын, соның салдарынан олардың тиімділігі азайып отыр. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі барлық жерде бірдей үздіксіз жүре бермейді. Көп жағдайда цифрландыру азаматтар мен бизнеске ыңғайлы сервис құруға емес, ведомство ішіндегі рәсімдерді автоматтандыруға ғана сайып отыр. Инфрақұрылымдағы теңсіздік те әлі жойылған жоқ. Интернетке қосылу деңгейі жоғары болғанымен, ауыл-аймақтардың көбінде кеңжолақты сапалы интернет жоқ. Бірқатар өңірде қолданыстағы технологиялар цифрлық экономиканың өсіп келе жатқан талабына толық сай емес. Әлемдік үрдістер цифрлық трансформацияның маңызын бұрынғыдан да арттырды. Алдағы жылдары әлем экономикасының 70 пайызына жуығы цифрлық платформа модельдеріне сүйенетін болады, ал жасанды интеллект мемлекеттердің бәсекеге қабілетін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып келеді. Қазақстан бұл процеске қосылғанымен, инфрақұрылымды, дерек жүйесін және адами капиталды жедел дамытуы керек. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Каспий теңізінің табанынан суасты оптика-талшық кабелін тартып, «Батыс – Шығыс» гипермагистралінің салынуына ықпал етеміз. Қазақстан қосымша тәуелсіз халықаралық дерек жеткізу арнасына ие болып, Еуразиядағы негізгі цифрлық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайта түседі.
39 Елді мекендердің бәрін кеңжолақты интернетке қосуды аяқтап, цифрлық теңсіздікті жоямыз. Бүкіл ел аумағына интернет жеткізгенше шалғай ауылдарды спутник интернетке қосуды кеңейте береміз. Үш мыңнан аса ауылдық елді мекенді едәуір сапалы әрі тұрақты интернетке қосамыз. Интернетке қол жеткізу азаматтардың қай жерде тұратынына қарамастан, бәріне бірдей мүмкіндік беретін негізгі кепілдікке айналады. Цифрлық шешімдер саласында ұзақмерзімді келісімшарттар (офтейк-модель) тәжірибесіне көшуді қолдаймыз. Ұзақмерзімді шарт міндеттемелері сұранысты болжауға көмектесіп, ІТ-компанияларға банктерден ұзақмерзімді қаржыландыру тартуға және инвестиция жоспарларын нық сеніммен құруға мүмкіндік береді. Мақсатты гранттар ұсынып, жаңа компанияларға салықтан жеңілдік беріп, ұлттық есептеу қуаттарына оңай қол жеткізу мүмкіндігін туғызып, технология және ЖИстартаптарды қолдаймыз. Соның нәтижесінде жас кәсіпкерлер өз өнімдерін ел ішінде әзірлей алады. Технологиялық кәсіпкерліктің тірегі ретінде Astana Hub пен стартап-экожүйесін қолдаймыз. ІТ-хабтар желісін аудан деңгейіне дейін кеңейтеміз. Цифрлық ортадағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі моделін заңнама деңгейінде қайта қараймыз. Дата-экономиканы кезең-кезеңімен дамыта береміз. Ол үшін денсаулық сақтау, білім беру, көлік, ғылым және бизнес салаларының «дерек қоймаларын» қалыптастырамыз. Арнаулы алаңдарда ашық та қауіпсіз дерек өнімдерінің айналымы инфрақұрылымын жасау жолында жұмыс істейміз. «Деректерді өңдеу орталықтары алқабымен» бірлесіп AI Hub-ты іске қосамыз. ЭКСПО аумағында стартаптарға, R&D орталықтарына және венчур қаржыландыруға арналған Exponential Cluster технология кластерін құрамыз. Халықаралық компаниялар мен инвестиция тартуға арналған криптовалюта және блокчейн жобаларын реттейтін арнайы орта есепті CryptoCity жобасын іске қосамыз. Азаматтық және қорғаныс салалары үшін басқарусыз индустрия мен дербес мобильділікті дамытамыз. Құрылыс нысандарын цифрлық басқаруға арналған BIM жобалау жүйесін енгіземіз. Мемлекет пен экономиканың бытыраңқы цифрландырудан бірыңғай платформалық модельге көшуін қамтамасыз етеміз. Азаматтар, бизнес және мемлекет қызмет көрсету процесі кезеңдерінің бәрінде үздіксіз өзара іс-қимыл жасай алатын толық ықпалдасқан цифрлық орта қалыптастырамыз. Экономиканың негізгі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесіне жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізуді жеделдетеміз. Жасанды интеллект еңбек өнімділігін арттыру, қызмет сапасын жақсарту және мемлекеттік шешімдердің тиімділігін ұлғайту құралына айналады.
40 5 МИЛЛИОН Бұл мектеп және жоғары оқу орны бағдарламаларын қоса алғанда, кемі 5 миллион қазақстандыққа жасанды интеллектімен жұмыс істеу машығын меңгеруге мүмкіндік беріп, жаңа экономика кәсіптеріне дайын қоғам қалыптастыруға септігін тигізеді. Ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымы құрылып, соның ішінде дерек өңдеу орталықтары, есептеу қуаттары және цифрлық платформалар дамиды. Ғарыштық байланыс жүйесін дамытамыз. Орбитаға KazSat-3 спутнигінің орнына жаңа заманауи спутник жіберуге мұрындық боламыз. Ғарышты игеру саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қамқорлық жасаймыз. Цифрлық экономиканың маңызды бөлігі ретінде аэроғарыш өнеркәсібін қолдаймыз. Жерді қашықтан зондтайтын спутниктердің орнын басатын жаңа, айырымдылығы орташа және жоғары аппараттар шығару жобаларын жалғастырамыз. Мемлекеттік органдарға ғарыштан түсірілімдер мен кеңістік деректерін ұсыну көлемі қазірдің өзінде кеңейтілді. Бұл бағыттағы қызмет ауқымын 356 мың шаршы шақырымға дейін жеткіземіз. Ғарыштан алынған деректер мемлекеттік ақпарат жүйелеріне біріктіріліп, жер ресурстарын, экологияны, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымды бақылауда және төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылады. Халықаралық нарықтың қажетіне сай отандық спутниктердің жоғары технологиялық экспортын дамытуды тездетеміз. Әртүрлі жастағы азаматтардың жаңа технологиялық экономикада сенімді еңбек етіп, дамуы үшін цифрлық және жасанды интеллект құзыреттерін арттыруға бағытталған ауқымды білім беру бағдарламаларын өрістетеміз. Осы мақсаттағы басты бастаманың бірі «Цифрлық қоғам» жобасы болмақ. Оның аясында балаларға, жастарға, жұмыс істейтін азаматтар мен аға буынға арналған цифрлық сауаттылықтың қолжетімді инфрақұрылымы құрылады. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мен ардагерлер ұйымдары жанынан аға буын өкілдеріне алаяқтық әрекеттерден сақтануға үйретететін арнайы оқыту курстарын ұйымдастырамыз. Жыл сайын мемлекеттік сервистерді, қаржы құралдарын және заманауи коммуникация құралдарын меңгеруге көмектесетін цифрлық сауат олимпиадаларын өткізіп тұрамыз. Цифрлық трансформация экономиканың өсуін жеделдетіп, еңбек өнімділігін арттырудың жаңа моделінің негізіне айналады. Бұл модельде негізгі ресурс білім, деректер мен технологиялар болса, оның игілігін адам көреді. Технологиялар Қазақстанның жаһандық инвестициялар үшін сенімді халықаралық серіктес деген жағымды бейнесін нығайта түседі.
41 5.3. Цифрлық ортадағы адам құқықтары Цифрландыру азаматтарға жаңа мүмкіндік беріп қана қоймай, деректердің жылыстауы, автоматты шешімдердің ашық болмауы және алаяқтық сияқты жаңа қатерлерді де ала келеді. Сондықтан цифрлық мемлекетті дамыту әрбір азаматтың цифрлық ортадағы құқықтарын нық қорғаумен қатар жүргізіледі. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 6 - Б Ө Л І М 6 ӘЛЕУМЕТТІК ЫНТЫМАҚ ЖӘНЕ АТАУЛЫ КӨМЕК «Әділет» партиясы әлеуметтік саясатты адамның қадір-қасиеті мен өмірлік келешегін қалпына келтіру жүйесі деп қарастырады. Балалардың қауіпсіздігі, үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, аға буынды, Дербес деректерді қорғау деңгейін арттыра береміз. Азаматтың цифрлық кеңістігін (цифрлық әмиянын) дамытып, толықтыра береміз. Бұл – қорғаулы жеке орта, онда әр адам мемлекеттік ақпарат жүйелерінде өзі туралы қандай деректер сақтаулы тұрғанын көріп, оларға қол жеткізу құқығын өзі басқара алады. Адам өз деректерінің дауыс беру құқығы жоқ ақпарат көзі емес, толыққанды иесі болуға тиіс. Азаматтың өз деректері мемлекеттік құрылымдарда ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да қалай қолданылып жатқанын толық біліп отыруына жағдай жасаймыз. Мемлекеттік органдар мен цифрлық платформалардың азаматтарға қатысты қабылдайтын автоматтандырылған шешімдері ашық болуына қол жеткіземіз. Адамның құқығына әсер ететін шешімдер қалай қабылданғаны түсініксіз «қара жәшікке» айналуына жол бермейміз. Әр азамат ондай шешім неге сүйеніп қабылданғанын білуге және оған дау айтуға құқылы. Жасанды интеллектіге сүйенетін цифрлық алаяқтыққа қарсы ұлттық жүйе құрамыз. Ол алдау белгілерін телефонмен сөйлесудің алғашқы секундтарынан-ақ тани алатын болады. Аға буынды қорғауға ерекше мән береміз: белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында цифрлық сауаттылықты арттыру және алаяқтықтың алдын алу бағдарламаларын кеңейтеміз. Цифрлық тәуелділіктің алдын алу, зиянды контенттен қорғау әрі қауіпсіз білім беру және байланыс платформаларын дамыту арқылы балалар мен жасөспірімдерге қауіпсіз цифрлық орта қалыптастырамыз.
42 ерекше қажеттілігі бар адамдарды және өзге де осал топтарды қолдау – біздің саясатымыздағы басты міндеттердің бірі. 4,6 МИЛЛИОН Жыл сайын мемлекеттік бюджеттегі әр бесінші теңге әлеуметтік қажетке жұмсалады. Осы қаражаттың арқасында 4,6 миллион қазақстандыққа, оның ішінде балалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, аға буын өкілдеріне және басына қиын іс түскен жандарға тұрақты қолдау көрсетіледі. 6.1. Әділ көмек: санатқа бөлмей, шын зәру жандарға көмек көрсету Мемлекеттің қолдауы мен көмегі оған шын мұқтаж жандарға, проактив жолмен және бюрократиялық тосқауыл көрмей, адамның қадір-қасиетін кемсітпей жетуге тиіс. Әділ әлеуметтік жүйе тәуелділік пен масылдықты нығайтпауы керек, ол адамның өмірде орнығып, қоғам өміріне толық қатысуына мүмкіндік беруі керек. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 6.2. Отбасын, балалар мен әйелдерді қолдау Отбасы – қоғамның негізі әрі әр адамның ең алғашқы сүйеніші. Отбасын қорғап, қолдау Қазақстан Республикасының Конституциясы деңгейінде бекітілген. Мемлекеттің міндеті – отбасының ішкі ісіне араласу емес, оны дер кезінде қолдап, ең алдымен басына қиын іс Атаулы әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етеміз. Көмек ең алдымен оған шын зәру отбасыларға жетеді. Ол үшін әр отбасының әл-ауқатына баға беретін объективті жүйені іске қосамыз. Әлеуметтік қорғаудың бірыңғай цифрлық платформасын енгіземіз. Платформа объективті деректерге сүйеніп, адамның көмек алуға құқығы бар-жоғын автомат түрде танып, төлемдерді өзі тағайындайды. Әлеуметтік төлемдерді проактив форматқа көшіреміз. Жекелеген жеңілдіктер мен қолдау шаралары мемлекеттің қолында бар деректерге қарай автомат түрде тағайындала береді. Бүкіл ел аумағында азаматтың қай өңірде тұратынына қарамайтын әлеуметтік қолдаудың бірыңғай әрі әділ тәсілін қамтамасыз етеміз. Бытыраңқы шаралар біріздендіріліп, көмек нақты мұқтаждық пен шынайы табыс деңгейіне баға беруге сүйеніп көрсетіледі. Адамның өз бетімен күн көріп кетуіне жағдай жасаймыз. Атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті азаматтар міндетті түрде жұмыспен қамту, кәсіби оқытыпүйрету және жұмысқа тұрғызу бағдарламаларына қатыстырылады. Әлеуметтік көмек адамдарға қиындықты еңсеріп, тұрақты табысқа жетуге, келешегіне нық сеніммен қарай алуға көмектесуге тиіс.
43 түскен балалар мен әйелдерді қорғау. Біз профилактикаға басымдық береміз. Кедейліктің, әлеуметтік жетімдіктің және зорлық-зомбылықтың салдарын жойып жүргеннен бұрын, осы келеңсіз құбылыстардың алдын алуымыз керек. Отбасын қолдау дағдарыс болып қойғаннан кейін емес, оған дейін басталуға тиіс. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 6.3. Аға буын: лайық зейнетақы және қажымай ұзақ өмір сүруге жағдай жасау Зейнетақы – еңбек адамының кейінге қалдырылған жалақысы. Ресми түрде төленген әр жарна адамның егде тартқан шақтағы лайық өміріне айналуға тиіс. Аға буынға қамқор болу – лайық тұрмыс жағдайы, қолжетімді медицина және қажымай, мәнді өмір сүруге мүмкіндік беру. Үлкенді құрметтеу, ұрпақтар сабақтастығы және еңбек адамын қадірлеу ұлттық құндылықтарымыздың өзегі болып қала береді. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Отбасын қолдау орталықтары жүйесін нығайтамыз. Цифрлық құралдарды кеңейте отырып, басына қиын іс түскен отбасыларды ерте танып, мемлекеттік органдардың ұтқыр топтар арқылы өзара іс-қимыл жасау тетіктерін жетілдіреміз. Балалардың құқықтарын қорғау мен олардың қауіпсіздігіне сеп болу әрдайым басты назарда болады. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жоспарының сапалы орындалуына сеп боламыз. Балаға дүниеге келген күнінен бастап 18 жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен көрсетілетін қызметтердің бәрі бір жерге топтастырылатын Баланың цифрлық маршрутын құрамыз. Отбасылар бұл туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде әрі өзіне ыңғайлы цифрлық форматта алып отырады. Отбасы институтын және ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге арналған қосымша қолдау шараларын әзірлеп, ұсынамыз. Ата-аналарға бала өмірінің ең маңызды кезеңдерінде сүйемелдеу мен оқу-ағартуға арналған қолжетімді құралдар ұсынылады. Басына қиын іс түскен әйелдерді жеке қолдаудың жаңа стандарттарын енгізіп, оларды Отбасын қолдау орталықтары базасында іске асырамыз. Жұмыспен қамтуды заңдастыру және цифрлық құралдарды пайдаланып, зейнетақы жүйесіне қамтылатын азаматтар қатарын кеңейтеміз. Соның арқасында көбірек азамат толыққанды зейнетақы қалыптастыра алады. Әр азаматқа зейнетақымен қамту жүйесі тұрақты әрі түсінікті ақпарат беріп отырамыз. Әр қазақстандық қандай зейнетақы алатынын, оның неден құралатынын және бүгін қабылдап жатқан шешімдері соған қалай әсер ететінін анық көріп отыруға тиіс.
44 6.4. Инклюзия: өзгелермен тең өмір сүріп, еңбек ету 3,7% Қазір Қазақстанда 751 мың мүгедектігі бар адам тұрып жатыр. Бұл – ел халқының 3,7 пайызы. Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау төлемдер төлеп, қызмет көрсетумен шектелмейді. Ең бастысы – олардың барша жұртпен тең дәрежеде білім алып, еңбек етіп, еркін жүріп-тұруына және өз өміріне қатысты шешімдерді өзі қабылдауына жағдай жасау. Біздің ұстанымымыз – қамқорлыққа қарап қалу моделінен дербестік пен тең мүмкіндік моделіне көшу. НЕ ІСТЕЙМІЗ: «Самайын ақ шалғандардың еріктілігі» бастамаларын қолдаймыз. Белсенді зейнеткерлерді қоғамдық жұмысқа, тәлімгерлікке және еріктілер қозғалысына қатыстырамыз. Аға буынның өмірден көргені мен түйгені – бүкіл ел үшін баға жетпес ресурс. Аға буынға арналған цифрлық сауат бағдарламаларын жалғастырып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді цифрлық форматта еркін әрі қиналмай қолдануына жағдай жасаймыз. Жалғызбасты қарттар мен үнемі қолдауға мұқтаж мүгедектігі бар азаматтарды ұзақмерзімді бағып-қағу жүйесін құрамыз: үйде әлеуметтік көмек көрсету, күндіз болатын орталықтар, патронаж күтім және қашықтан медициналық сүйемелдеу қызметтері енгізіледі. Мүгедектікті сырттай, проактив тәсілмен белгілеу тәжірибесін кеңейтеміз. Соның арқасында азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармайақ қызмет ала алады. Сараптама жүргізгенде деректерді талдауға арналған ұсыным сипатындағы цифрлық құрал ретінде жасанды интеллект моделін енгіземіз. Қаражат адамға ілесіп жүреді деген қағидатпен мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар әлеуметтік, білім беру және оңалту қызметтерін көрсететін ұйымды өздері таңдай алатындай жеке әлеуметтік ваучерлер енгіземіз. Әлеуметтік көмектің сапасын арттырамыз: стандарттарды жаңартып, заманауи тәсілдерді енгіземіз, мамандардың даярлығын күшейтеміз және ел аумағында көрсетілетін қызметтерге бірыңғай талап белгілейміз. Тағы 8 өңірде – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Павлодар, Алматы облыстарында, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында оңалту орталықтары құрылысын аяқтаймыз.
45 Инновациялық техникалық құралдарды қолданып мүгедектігі бар балаларды үйде оңалту практикасын ел өңірлерінің бәріне таратамыз. Оңалтудың инновациялық техникалық құралдары қолданылады. Абай, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында жүргізілген пилот жоба тиімді болып шықты: балалардың 71 пайызынан оң нәтиже байқалды. Осындай мүмкіндік әр балаға жетуге тиіс. Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бағдарламаларын қайта қарап, кеңейтеміз. Балаларға протез-ортопедия жағынан көмек көрсету тәсілдерін жаңартып, жаңа буын протездерін қоса алғанда, заманауи инновациялық технологиялар енгізіледі. Арнаулы мектептердегі еңбекке баулу бағдарламаларын жаңартып, еңбек нарығының қазіргі сұранысына сай практикалық сабақтар сағатын көбейтеміз. Ерекше білім алу қажеті бар мектеп түлектерінің бәріне міндетті түрде өз мүмкіндігі мен қажетіне сай техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігін береміз. Ерекше білім алу қажеті бар балалармен жұмыс істейтін мамандардың дайындығын күшейтуге сеп боламыз. Практикаға қаратылған оқытып-үйрету әдістерінің қолданысын кеңейтіп, білім беру бағдарламаларын заманауи әдістемелерге сай жаңартамыз. Мүгедектігі бар балаларды уақытша бағып-қағу және күндіз барып тұратын орталықтар инфрақұрылымын дамытуға сеп боламыз. Бұл үйдегі ширығуды азайтып, отбасылардың орнықтылығын арттыруға әрі балалардың дамуы мен оңалуына тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ерекше білім алу қажеті бар балалардың ата-анасына арналған «бір терезе» жүйесін құрып, диагностикадан бастап кейінгі сүйемелдеуге дейінгі мәселелердің бәрі біртұтас жүйеде шешілуіне сеп боламыз. Мүгедектігі бар азаматтарға шын мәнінде кедергісіз орта қалыптастырамыз. Қолжетімділік интерактив картасына енгізілген нысандардың бәрі мүгедектігі бар азаматтардың қажетіне бейімделеді. Жаңа әлеуметтік, көлік және қоғамдық нысандар мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдарға кедергі болмасын деген талаптар толық сақталған жағдайда ғана пайдалануға берілуіне қол жеткіземіз. Мүгедектігі бар азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуіндегі коммуникациялық және цифрлық кедергілерді жоямыз. Мемлекеттік цифрлық сервистер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға толық бейімделуіне қол жеткіземіз. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ым-ишара тілі мамандарының санын көбейтеміз. Күнтізбелік жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерген жағдайда мүгедектігі бар адамдарға салынатын салықтан шегерім беруді заң жүзінде реттейміз. Мүгедектік тобы бір жыл ішінде өзгерсе, адамға алдында берілген салық жеңілдігі күнтізбелік жыл бойы сақталып тұрады.
46 7 - Б Ө Л І М 7 АДАМ ӘЛЕУЕТІНЕ СЕНІМ АРТАМЫЗ Еліміздің басты байлығы – адам. Қазақстанның ертеңі әр азаматының біліміне, машығы мен денсаулығына қарап тұр. Сондықтан әр адамның дамуына жағдай жасау – тұтас қоғамның дамуының негізі. Адамға құйылған инвестиция – еліміздің ұзақмерзімді өсімі мен бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Мақсатымыз – әр адамның тұрғылықты жеріне немесе өмір жағдайына қарамастан өз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беру. Өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасаймыз. Кәсіптер тез өзгеріп жатқан қазіргі кезеңде әр адам жаңа машықтарды меңгеріп, еңбек нарығында сұраныстан түсіп қалмауға тиіс. Ұлт денсаулығы – ерекше басымдық. Қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етіп, профилактиканы дамытып, заманауи технологияларды енгіземіз. Ұзақ, қажымай әрі нәтижелі өмір сүрудің негізі болатын салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастырамыз. 7.1. Білім беру: экономика саласына арнайы даярланған кадрлар Білім – елдің кадр әлеуетінің іргетасы. Баланың өз қабілетін толық аша алуы да, экономиканың өзіне қажет мамандарды алуы да білім сапасына қарап тұр. Оқудың әр кезеңінде адам мамандық игеруге және тұрақты табыс табуға қажет сапалы білім мен практикалық машық алатындай жүйе құрамыз. Сонымен бірге білім беру тек кәсіпке баулып қана қоймай, адамның келешекте табысқа жетуіне қажет жауапкершілік, еңбекқорлық және кәсібилік сияқты қасиеттерді де қалыптастыруға тиіс. Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде академиялық адалдық негізгі қағидатқа айналады. Оқушының не студенттің алған білімі мен дипломы нақты еңбегі мен шынайы нәтижесін көрсетуге тиіс. Бірыңғай сапа және академиялық адалдық стандарттарын енгізіп, соған қарай педагогтер мен білім беру ұйымдарының басшыларын оқытыпүйретеміз. Балабақшадан мектепке дейін: әр балаға тең мүмкіндік беріледі Мектепке барғанға дейінгі және мектептен алған білімнің сапасы баланың өмір бойғы мүмкіндігінің темірқазығы болмақ. Бүгінде елімізде 2–6 жастағы 1,7 миллион бала тұрады, ал мектеп оқушыларының саны 4 миллионнан асты. Соған қарамастан, қала мен ауылдағы білім сапасы мен оқу жағдайында әлі де айырма бар. Біздің міндетіміз – қай жерде
47 тұрғанына қарамастан, әр балаға заманауи әрі жайлы жағдайда білім алуға тең мүмкіндік беру. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 79 МЫҢ Мектепке дейін білім беретін ұйымда кемінде 79 мың жаңа орын ашамыз. Соның нәтижесінде 2028 жылдың өзінде кезекте тұрған 2–6 жастағы балалардың бәрі мектепке дейінгі біліммен қамтылады. 300 МЫҢ Оқушы орны тапшылығы мәселесін шешеміз. Ол үшін 2031 жылға дейін кемі 300 мың жаңа оқушы орнын ашамыз. Ең алдымен, мектептер Алматы, Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы мен Түркістан облыстарында салынады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасы айырмасын азайтамыз. Еліміздің аудандары мен моноқалаларының бәрін қамтитын Ұлттық тірек ауыл мектептері желісін құрамыз. Олар 700-ден астам шағын жинақты мектепке әдістемелік қолдау көрсетеді. Білікті педагогтерді ауыл-аймақтар мен шалғай аудандарға тарту бағдарламаларын іске асырамыз. Ауыл мектептерінде ағылшын тілін үйрету сапасын жақсартуға арналған English ауылда бағдарламасын іске қосамыз. Волонтерлік алмасу, онлайн тәлімгерлік, педагогикалық жоғары оқу орындары студенттері мен халықаралық серіктестерді қатыстырып, ауыл балаларының қазіргі экономикаға қажет тіл машықтарын меңгеруіне мүмкіндік береміз. Еліміздің барлық өңірінде 60 Сәтбаев атындағы инженерлік мектеп, IT мектептер, Жәутіков атындағы математика мектептері және Абай атындағы гуманитарлық мектептер желісін ашамыз. Соның арқасында еліміздің қай түкпірінде тұрса да, дарынды балалар сапалы бейіндік білімге тең дәрежеде қол жеткізе алады. Тірек мектептер базасында математиканы тереңдетіп оқытатын 200 өңірлік STEM сыныбын ашамыз. Ауыл мектептеріне көшпелі әдістемелік топтар жолданады. Мектепте математика мен физика мықты болмаса, колледждер мен жоғары оқу орындарында сапалы инженер кадрлар даярлау мүмкін болмайды. Оқушылардың оқу сауатын дамытуға арналған ұлттық жүйе құрамыз. Оқу сауатын тұрақты бағалау жүйесі енгізіліп, жаппай оқу байқаулары, мектептің барлық деңгейінде жыл сайын оқу сауатынан олимпиада өткізіледі. Жасанды интеллект негіздері мен алгоритмге салып ойлау мектеп бағдарламасының міндетті бөлігіне айналады. «
48 Экономика сұранысына сай білікті кадрлар Экономикаға ресми диплом емес, нақты машық қажет. Білім беру жүйесі бүгін ғана емес, ертең де сұраныстан қалмайтын мамандарды даярлауға тиіс. Сапаның басты өлшемі – түлектің алған білімін іс жүзінде қолдана алуы және алғашқы күннен жұмыс істеуге дайын болуы. Еліміздің индустриялық дамуына аса қажет жұмысшы мамандықтарына ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Олардың беделі мен тартымдылығын арттыру керек. Жастар нақты өндірісте келешек барын көре алуға тиіс. НЕ ІСТЕЙМІЗ: «Құқық негіздері» пәнін жаңа конституциялық нормаларға сәйкес жаңартамыз. Құқықтық сауат – азаматтық кемелдік пен қоғам өміріне саналы түрде қатысудың негізі. Меншік нысанына қарамастан мектептердің 100 пайызында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы енгізіледі. Мектеп оқушыларының аттестатпен бірге жұмысшы мамандығын меңгеріп шығу мүмкіндігін кеңейтеміз. Колледждер базасында жұмысшы біліктілігін алатын 10–11 сынып оқушыларының қатарын көбейтеміз. Мектептегі білім сапасын тәуелсіз сырттан бағалау жүйесін енгіземіз. 11-сыныптың әр түлегі жыл сайын айқындалатын екі пән бойынша сыртқы тестілеу орталықтарында емтихан тапсырады. Жоғары оқу орындарына қабылдау қағидатын жаттауды тексеруден оқуға дайындықты бағалауға қарай өзгертеміз. Сыни ойлау, ақпаратпен жұмыс істеу, жасанды интеллект сауаты және академиялық жазуға басымдық беретін жаңа қабылдау тестін кезең-кезеңімен енгіземіз. Шахматты дамытып, оның білім беру жүйесіндегі орнын кеңейте береміз. Бұл интеллектуал ұлт қалыптастыруға қосылған үлес болмақ. Оқушылардың сабақтан тыс белсенділігін есепке алып, мойындайтын жүйе енгіземіз. Үйірмелер мен секциялардағы, олимпиадалардағы, спорттағы және шығармашылықтағы жетістіктер баланың дамуына баға беруде және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсер кезде Білік портфелі арқылы ескеріліп отырады. Білік портфелі орта білім туралы құжатқа ажырамас қосымша болып бекітіледі. Қай өңірде тұратынына, отбасының кірісі қандай екеніне қарамастан әр бала дарынын ашып, өрістете алуына мүмкіндік беру үшін бүкіл ел аумағында оқушылар сарайлары мен өнер мектептерін сала береміз. Мемлекеттік тапсырысты экономикадағы нақты сұранысқа ұштастырамыз. Сұраныс бар мамандықтардың бәріне кәсіптік стандарттар әзірленіп, білім беру бағдарламасының бәрі жұмыс берушілердің талабына сай жаңартылуына қол жеткіземіз.
49 45% Колледждердегі дуалдық оқыту жүйесін кеңейтеміз. 2031 жылға қарай студенттердің кемі 45 пайызы колледжден ғана емес, кәсіпорын базасынан да білім алады. 7.2. Салауатты өмір салты: ұзақ та қажымай өмір сүру жолы Ұлттың дені сау болса, елдің келешегі зор. Адамның ұзақ, белсенді әрі нәтижелі өмір сүруі медицинаның деңгейіне ғана емес, ең алдымен күнделікті әдетіне байланысты. Үнемі қимыл-қозғалыс, дұрыс тамақтану және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау – соның негізі. Мемлекеттің міндеті – әр адамның дұрыс таңдауға оңай жетуіне сеп болу. Денсаулыққа ұқыпты қарау мен қимыл-қозғалыстан ажырамай өмір сүру мәдениетін орнықтыра береміз. Жасына, табысына немесе тұратын жеріне қарамастан, әр азаматтың спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасаймыз. Технологиялық егемендіктің негізі ретінде инженерлік білімді дамытуға сеп боламыз. Оқуды өндіріске кіріктіруді енгізіп, практикалық даярлықты кеңейтеміз, халықаралық стандарттарға сүйенетін индустриялық зерттеулер мен жоба жасатып оқыту жүйесін құрамыз. Колледждер жанынан заманауи құрал-жабдық қойылған және білікті мамандары бар салалық білік орталықтарын ашамыз. Техникалық жоғары оқу орындарына өңір экономикасына сай салалар бойынша мамандану бекітеміз. Негізгі назар жоба жасатып оқытуға, нақты кәсіпорындарда тағылымда өтуге және өндірістегі тапсырмаларды орындауға аударылады. Еліміздегі 20 жоғары оқу орнының базасында зерттеу инфрақұрылымы мен технология трансфері қызметін атқаратын академиялық артықшылық орталықтарын құруды аяқтаймыз. Инженер және техник мамандықтарын беделді етеміз. Тірек жұмыс берушілер жанынан кепілді жұмысқа тұрғызу бағдарламасын енгіземіз. Сонда талапкер күрделі мамандықты таңдағанда оның қатерін емес, айқын мансап жолын көреді. Бизнеспен бірлесіп, жасанды интеллект технологияларын қоса, экономиканың жаңа сұранысына сай мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесіне сеп болатын Ұлттық кәсіптерді трансформациялау орталығын іске қосамыз. Еңбек жолында еңбек нарығында сұраныс бар екінші жұмысшы мамандығын тегін меңгеруге мүмкіндік береміз. Мемлекеттік кепілдік тетіктерін пайдаланып білім алу кредиттерін алуды бұрынғыдан да жеңіл әрі арзан етеміз.
50 44,5% Қазір бұл бағыттағы көрсеткіштер әлі де жеткіліксіз. Азаматтардың 35,7 пайызы ғана салауатты өмір салтын ұстанады, ал халықтың 44,5 пайызы ғана үнемі спортпен шұғылданады. Балалар арасында артық салмақ мәселесі де өршіп келеді. Қала мен ауыл арасындағы айырма әлі де бар. Ауыл-аймақта заманауи спорт инфрақұрылымы мен белсенді өмір сүруге қажет мүмкіндіктер әлдеқайда аз. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 50% 2029 жылға қарай азаматтардың кемі 50 пайызы үзбей спортпен шұғылданатындай, тұрақты физикалық белсенділікке жағдай жасаймыз. Бүкіл елде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыратын ауқымды ұлттық науқандар мен бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырамыз. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат ететін «Саламатты шаңырақ» ұлттық науқанын бастаймыз. «Саламатты мектеп» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын нығайту шараларын іске асырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің үйлесімді, дені сау әрі қауіпсіз өсіп-жетілуіне жағдай жасайтын орта қалыптастырамыз. Бағдарлама денсаулықты үнемі бақылауды, қимыл-қозғалысты және мектептерде дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтиды. Мектептерде ультраөңделген әрі зиянды тағамдарды сатуға шектеу қойып, балалардың ондай өнімдерді тұтынуын азайтып, жастайынан дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырамыз. Ұлттық және көпшілікке қолжетімді спорт түрлері бойынша мектеп және студенттер лигаларын кеңейтеміз. Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату және басқа да спорт түрлерінен бір рет жарыс өткізіп қана қоймай, балалар мен жастарды үнемі спортпен шұғылдануға, отансүйгіштікке баулуға және бос уақытын салауатты өткізуге тартатын жүйеге айналдырамыз. Қызметкерлер мен жұмыскерлердің жұқпалы емес аурулардың қауіп факторлары, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі жөнінде хабардарлығын арттырып, еңбек саласына салауатты өмір салты қағидаттарын енгіземіз. Ұлттық қоректік заттар профиліне сүйенетін «Пайдалы таңдау» ерікті таңбалау жүйесін енгіземіз. Қолжетімді спорт инфрақұрылымын сала береміз. Оның ішінде ауыл-аймақтарда тез тұрғызылатын модуль спорт нысандары көбейеді.
51 7.3. Ұлт денсаулығы: дені сау адам – мықты елдің іргетасы Денсаулық – сапалы өмірдің басты бір шарты. Медицина аурудың салдарымен күреспей, оның алдын алып, адамға дер кезінде көмектесуге тиіс. Аурудың алдын алуды, ерте диагностика жасауды, сапалы медициналық көмек болуын және елдің әр тұрғыны оған тең қол жеткізе алуын көздейтін заманауи денсаулық сақтау жүйесін құрамыз. Мақсатымыз – қазақстандықтар ауырмай-сырқамай, қажымай-талмай ұзақ өмір сүре алсын деп, астанада да, ауылда да әркім заманауи медицина жетістіктеріне қол жеткізе алуына сеп болып, ұлттың денсаулығын нығайту. Ауылда да, астанада да әркім жүгіне алатын сапалы медицина Денсаулық сақтай жүйесі есеп беруді емес, пациенттің өмірі мен денсаулығын көздеп жұмыс істеуге тиіс. Әр адам, қай жерде тұратынына қарамастан, заманауи әрі сапалы медициналық көмекке жүгініп, оның пайдасын көре алуы керек. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Еліміздің барлық өңірінде тірек спорт нысандарын жаңғыртып, жаңаларын саламыз. Спортшыларды даярлау сапасын көтереміз. Жаттықтырушылардың нәтижесі мен спортшыларды дамытудағы еңбегін ынталандыратын төлем жүйесін енгізіп, олардың жұмыс істеуге деген ынтасын күшейтеміз. Кардиология қызметін жаңғыртамыз. Негізгі басымдық стационарда емдеуден ерте диагностикалау мен амбулаториялық бақылауға ауысады. Соның арқасында емді уақытында бастап, ауыр асқынудың алдын алып, қымбат операциялар қажеттілігі азаяды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары базасында инвазиясыз диагностика орталықтарын құрамыз. Ірі қалаларда әр 150 мың тұрғынға бір орталықтан, ал ересек тұрғындарының санына қарамастан әр ауданда кемі бір орталық болады. Азаматтар тұрғылықты жеріне жақын жерден жүрегіне ультрадыбыстық зерттеу жасата алады, электрокардиограмма мен артериялық қысымды тәулік бойы қадағалау қызметіне қол жеткізеді. Еліміздің барлық өңірінде кардиологиялық оңалтуды кезең-кезеңімен дамытамыз. Кардиологиялық оңалту бағыты бойынша дәрігер-реабилитолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, кинезиотерапевт және мейіргер сынды мамандарды үздіксіз қайта даярлау жүйесін іске қосамыз. Бастапқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыратын кардиологдәрігерлер даярлауды кеңейтеміз. Қазір кадр тапшылығы екі мың маманнан асып отыр.
52 Қабылданған халықаралық практикаға сәйкес пациенттерді диспансерде бақылауға қатысатын арнаулы медицина қызметкерлерін даярлау жөнінде ұсыныс енгіземіз. Соның арқасында диспансерде бақылаудың қамтуын кеңейтіп, денсаулық сақтау жүйесінің кадр ресурсын тиімдірек пайдалану мүмкін болады. Цифрлық есепке алу құралдары мен көшпелі медицина кешендерін пайдаланып, профилактикалық медициналық тексеріс және скрининг зерттеу жасалған халық үлесін арттырамыз. Қауіп-қатері жоғары топтар санатындағы азаматтар арасында төмен дозалы компьютер томография жасап, өкпе обырын анықтайтын ұлттық скрининг енгіземіз. Скрининг бірыңғай ұлттық стандарт бойынша өткізіліп, ауруды ерте кезден тануға, емді дер кезінде бастауға және асқынып кеткен жағдайлар санын азайтуға сеп болады. МӘМС, медицина ұйымдары, дәріхана желілері және жедел жәрдем қызметінің деректерін біріктіретін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпарат жүйесін енгіземіз. Мобайл қосымшадан алуға болатын электрондық денсаулық паспортын кеңінен енгізіп, 2029 жылға қарай халықтың кемі 90 пайызына жеткіземіз. Бірыңғай денсаулық картасын қалыптастырып, медициналық қызмет жеткізушілеріне цифрлық аудит жүргізуді енгіземіз. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына алғаш жүгінгеннен бастап маманның қабылдауына, негізгі диагностика жасатуға және тегін дәрі-дәрмек алуға дейінгі бірыңғай кепілді маршрутты бекітеміз. Әр кезең цифрлық форматта қадағаланып, медицина ұйымдарының жұмысына көрсетілген қызмет көлеміне ғана емес, науқастың нақты күткен уақытына қарай да баға беріледі. 9 перинаталдық орталықтың құрылысын аяқтаймыз. Әр ана мен әр бала әлемдік стандарт деңгейіндегі медициналық көмек алуға тиіс. Балалардың тұқым қуалайтын және сирек кездесетін сырқатын ерте бастан тану үшін неонаталдық скринингті кеңейтеміз. Бұл емді ерте бастап, мүгедектік қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Оңалту орталықтары желісін кеңейтеміз. Еліміздің әр ауданында оңалту қызметіне жүгіну мүмкіндігі көбейеді. Республикалық клиникалар мен ғылыми орталықтарды толық жаңғыртамыз. Ғимараттар жөнделіп, толық жаңғыртылады, оларға заманауи құрал-жабдық қойылады, жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалады, энергия тиімділігі артып, санитария талаптарына толық сәйкестендіріледі. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметкерлерін қолдау жағынан ауқымды шаралар жасаймыз. Лайық еңбекақы, толық әлеуметтік пакет, қызметтік тұрғын үй, көтермеақы, ынталандыру төлемдер берілуіне және аудандарда мамандарды тұрақтандыруға арналған қосымша шаралар жасалуына сеп боламыз. Тапшы мамандықтарға басымдық бере отырып, резидентураға мемлекеттік тапсырысты көбейте береміз және өңірлердің нақты сұранысына қарай аймақтық кадр даярлау тапсырысын қалыптастырамыз.
53 Қоғамның психологиялық саулығына сеп болу Күйзеліс, мазасыздық, өмірдегі дағдарыстар мен тәуелділіктің салдары миллиондаған қазақстандыққа, әсіресе жастарға әсер етіп отыр. Әр адам психикалық саулық саласында сапалы медициналық көмек ала алуға тиіс. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 50 МЫҢ Жастар арасындағы психологиялық профилактиканы күшейтеміз: төрт бағыт (лудомания, нашақорлық, құқық бұзу мен суицидтің алдын алу) бойынша семинартренингтер өткізіп, жыл сайын кемі 50 мың жасты қамтимыз. 7.4. Жас ұрпақтың өмірден орнын табуына жағдай жасау Жастар – ел дамуының басты қозғаушы күші әрі болашағының берік іргетасы. Қазір Қазақстандағы әр үшінші азамат – жас. Сондықтан мемлекеттің міндеті – әр жас қазақстандықтың білім алып, еңбек етіп, кәсіп жасап, шығармашылығын дамытып, қоғам өміріне араласып, өмірден орнын табуына жағдай жасау. Медициналық білім мен ғылым жүйесін кезең-кезеңімен жаңартамыз. Заманауи білім беру бағдарламаларын енгізу, симуляция және клиникада оқытып-үйретуді кеңейту, тәлімгерлікті, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамыту арқылы медицина кадрларын даярлау сапасын жақсартамыз. Университет клиникалары маман даярлау мен ғылыми зерттеу жүргізудің заманауи клиникалық базасы болып дамиды. Цифрлық денсаулық сақтау, жасанды интеллект, биомедицина, трансляциялық зерттеулер, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және инновацияларды практикалық медицинаға енгізу басым бағыттарға айналады. Психикалық саулықты қорғау жүйесін толық жаңғыртамыз. Мемлекеттік басқару сапасын арттырып, көмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеміз және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін күшейтеміз. Қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, инфрақұрылымды жаңғыртып, заманауи цифрлық шешімдерді енгіземіз. Заңнаманы жетілдіріп, қауіп-қатері жоғары топтарды ерте анықтау жүйесін енгіземіз. Аноним есепке алу тәртібін жаңартып, қауіптерді талдау мен болжауға арналған бірыңғай ведомствоаралық платформа құрамыз. Ерекше медициналық бақылауды қажет ететін пациенттерді үздіксіз қадағалау жүйесін күшейтеміз. Жастарға арналған құпиялық толық сақталатын әрі оңай қол жеткізуге болатын психологиялық көмек алу жолын құрамыз.
54 Алдағы жылдары тәуелсіздік алғалы алғаш рет еңбек ете алатын жасқа келетін жастар саны ең жоғары деңгейге жетеді. Бұл – экономиканы дамытуға берілген зор мүмкіндік. Сонымен бірге сапалы жұмыс орындарын ашып, кәсіби жолда өсуге жағдай жасауды талап ететін үлкен сын. Жас қазақстандықтардың әрбіріне лайық сөре (старт) беру Әділетті мемлекет әр жасқа тең мүмкіндік беруден басталады. Адамның келешегі туған жері не отбасының әл-ауқатына емес, біліміне, еңбегіне, таланты мен талпынысына қарауға тиіс. Талантты әрі еңбекқор жастар өз өмірін нық құрып, Қазақстанда бар әлеуетін толық ашып, өмірден орнын таба алсын деп, мемлекет жас қазақстандықтардың әрбіріне өмір жолының басында берік тірек болады. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 40 МЫҢ Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін бағдарламаларды сақтаймыз. Жыл сайын кемі 40 мың жас қамтылып, әр жас маман жұмыс берушінің тәлімгерлігімен алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтай алады. 30 МЫҢ Көгалдандыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарына кемі 30 мың жасты тартатын еңбек жасақтарын қолдаймыз. Жастардың келешегі зор бизнес-идеяларын іске асыруына деп қайтарымсыз грант берілуін қолдаймыз. Жыл сайын Enbek.kz платформасы арқылы 500 мың мектеп оқушысы мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттеріне жұмыс іздеу машығын үйретеміз. Skills Enbek білім беру платформасын қоса алғанда, жұмыс берушілердің нақты сұранысына бейімделген қысқамерзімді және қолданбалы оқу бағдарламаларына қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеміз. Микробіліктілікті тану және машықтарды сертификаттау жүйесін енгіземіз. Бұл құжаттар жұмысқа тұратын кезде міндетті түрде ескеріледі. Дарынды жастармен жұмыс істеу тетіктерінің бәрін біртұтас жүйеге біріктіреміз. Дарынды балаларды мектептен бастап танып, жетекші жоғары оқу орындарында даярлап, Қазақстанда кепілді жұмысқа тұрғанына дейін үздіксіз қолдаймыз. Мемлекет талантты жастарға қаржы құйып, кейін олардан айырылып қалмауға тиіс. 2031 жылға қарай жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың кемі 65 пайызын жұмысқа тұрғызуға қол жеткіземіз.
55 8 - Б Ө Л І М 8 ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ҰЛТ БОЛЫП ҰЙЫСУ Қуатты ұлттың негізі – тарихи тамырына, дәстүрлі құндылықтарына, шығармашылық әлеуетіне және жас ұрпақты тәрбиелеудегі биік адамгершілік өлшемдеріне сүйенетін бай мәдени коды. Әр азаматтың жан-жақты дамуына жағдай жасап, берік әлеуметтік-құқықтық негізге сүйенетін, ең биік мақсаттарға ұмтылып, соған жете алатын жаңа қоғам құрамыз. Еліміздің ертеңін қалыптастыратын – жауапкершілігі жоғары, адал азаматтар. Олар «Адал азамат» қағидаттары – әділет, адалдық, еңбекқорлық, пассионарлық, отансүйгіштік, толеранттық және жаңа идеяларды жатырқамау – әрдайым басты бағдар болып қала береді. Жан-жақты жаңғыру жүріп жатқан әрі сыртқы сын-қатерлер күшейіп тұрған кезеңде қоғамның орнықтылығы мен реформалардың нәтижелі болуы ең алдымен оның мәдени өзегі мен адамгершілік кемелдігіне қарайды. 8.1. Белсенді әрі жауапкершілігі мол ұрпақ Жастар мемлекеттік саясаттың толыққанды қатысушысына айналуға тиіс. Сол үшін барлық деңгейдегі шешім қабылдау процесіне жастарды нақты қатыстыру тетіктерін құрамыз. Әр өңірде және республикалық маңызы бар әр қалада еңбек етіп жүрген жастарға арналған өңірлік ипотека бағдарламасын іске қосамыз. Жергілікті бюджеттен оған жыл сайын кемі 1 млрд теңге бөлінеді. Білікті жас маман туған қаласында баспана жоқ болғандықтан ғана басқа жаққа кетуге мәжбүр болмауға тиіс. «Дипломмен – ауылға» жобасын жалғастырып, жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттен жеңілдетілген кредит береміз. Тұрғын үйді қолдау шараларын ауылға да, өнеркәсіп кәсіпорындарына да қажет мамандарды тұрақтандыру құралы қылып пайдаланамыз. Бұл қолдау салалардың нақты кадр сұранысына қарай беріледі. Қуатты адами капитал – мәреге жеткеннің белгісі емес, қанатын қомдап отырған елдің сөресі. Білімді әрі дені сау азамат қана елінің өркендеуіне сеп болатын зияткерлік өнім жасап, жаңа технологиялар шығарып, экономиканың жаңа салаларын қалыптастыра алады.
56 НЕ ІСТЕЙМІЗ: 32% Жастар мен еріктілер бастамаларын грант беріп қаржыландыруды кеңейтеміз. Волонтерлікке, қайырымдылыққа және экологиялық бастамаларға қатысатын жастар үлесін 32 пайызға дейін жеткіземіз. 20% Қоғамдық кеңестердегі жастар квотасын 20 пайызға дейін арттырамыз. 8.2. Азаматты дамытудан – жаңа қоғамды қалыптастыруға жетер жол: құндылықтар, қағидаттар, этика Әділетті әрі қуатты мемлекет қалыптасуының басты шарты – әр азамат өзін қоғамның ажырамас бөлігі деп сезінетін, өмірден орнын тауып, әлеуетін аша алатындай мүмкіндігі бар және ортақ құндылықтарды ұстанатын қоғам. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 70% Экономикаға үлес қосып жүрген халықтың 70 пайызына дейін қамтитын, еңбек адамы қағидаттарын жүйелі түрде қолдап, дәріптеуге арналған жан-жақты бастаманы іске асырамыз. Қайырымдылықтың цифрлық инфрақұрылымын жасаймыз. Еліміздің барлық өңірінде жастардың мәдени әрі шығармашылық тұрғыдан дамуына арналған жаңа кеңістіктер – коуоркинг орталықтарын, ауладағы жасөспірімдер клубтары мен комьюнити орталықтар ашамыз. Азаматтармен кең әрі ашық диалог жүргізіп, «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамаларының, сондай-ақ еңбекқорлық, пассионарлық және жауапкершілік құндылықтарын кеңінен дәріптейміз. Өскелең ұрпақ бақытты болып, берекелі өмір сүруге тиіс.
57 3% Қазақстанның креатив өнімдері – кино, музыка, анимация, видеоойындар, дизайн және халық қолөнері экспортқа шыққанын қолдаймыз. Алдағы үш жылда елдің жалпы ішкі өніміндегі креатив экономика үлесін 3 пайызға дейін жеткіземіз. Мемлекет бәсекеге қабілетті креатив экономиканың дамуына қажет жағдайдың бәрін жасайды. Кітап оқу мәдениетін, кітап шығаруды және кітапхана ісін дамыту Кітап пен кітап оқу – ұлттың зияткерлік дамуының, сынға салып ойлаудың, азаматтық жауапкершіліктің және жасанды интеллект дәуіріндегі елдің бәсекеге қабілетінің негізі. Біз кітап оқу мәдениетін адами капиталды дамытудың стратегиялық ресурсы әрі білім қоғамының іргетасы деп білеміз. Экономикалық патриотизм мәдениетін қалыптастырамыз. Отандық өнім сатып алынған сайын және ел ішіне инвестиция құйылған сайын жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың берекесі артады деген қарапайым ақиқатты білім беру және ағарту жұмыстары арқылы түсіндіреміз. Мемлекет өндірісті жергіліктендіруді және ұлттық бизнесті қолдайды, ал тұтынушылар тауар Қазақстанда өндірілгені туралы анық әрі шынайы ақпарат алып, саналы түрде таңдау жасай алады. Ірі бизнес пен инвесторлар да экономикалық патриотизм танытады: отандық жеткізушілерден өнім сатып алып, тапқан пайдасын Қазақстан экономикасына қайта құйып, ел ішінде жаңа құндылық қалыптастырады деп күтеміз. Қазақстандық өнімді сатып алып, Қазақстанға инвестиция құю қарапайым азаматтың да, ең ірі компаниялардың да қалыпты ұстанымы әрі мақтанышына айналуға тиіс. Жасанды интеллект пен танымал цифрлық платформалардың мүмкіндігін пайдаланып, қазақ тілін дамытудың жаңа құралдарын әзірлейміз. Қолөнершілердің құқықтық мәртебесін бекітіп, оларды ұлттық болмыс пен креатив экономиканың маңызды бөлігі деп қолдау шараларын айқындайтын Қолөнер қызметі туралы заң қабылдаймыз. Мәдениет нысандарын салу және жөндеу ісін жалғастыра береміз. Әйелдердің көшбасшылық әлеуетін дамытуға арналған мемлекеттік әлеуметтік жобаларды кеңейтеміз. Әйелдердің саяси, заң шығарушы және атқарушы биліктегі өкілдігін арттырамыз. Азаматтық қоғам институттары мен қоғамдық кеңес мүшелерімен нәтижелі әрі ашық өзара іс-қимыл жасау үшін жыл сайын конференция өткізе бастаймыз. Азаматтық белсенділік пен жауапкершілікке басымдық бере отырып, қоғамды жаңа әлеуметтік даму моделіне біртіндеп көшіруге арналған Jarkyn Jol ақпараттықтүсіндіру жобасын іске қосамыз. Құқықтық тәртіпті нығайтып, заңға бағынатын қоғам ортасын қалыптастырып, «Адал азамат» қағидаттарын кеңінен орнықтырып, Қазақстанда әділетті, бәсекеге қабілетті әрі оң өзгерістерге ашық қоғамның қалыптасуын жеделдетеміз.
58 НЕ ІСТЕЙМІЗ: Балалардың, жастардың және ересектердің бойында кітап оқуды тұрақты дағдыға айналдыруды мақсат ететін «Оқырман ұлт» жалпыұлттық бағдарламасын іске асырамыз. Кітапханаларды, кітап индустриясын және оқу мәдениетін дамытудың заманауи құқықтық негізін қалыптастыратын кітапхана ісі және кітап басу туралы заң қабылдаймыз. Ел азаматтарының бәріне кітапхана, білім беру және ғылыми ресурстарға бірдей қол жеткізуге мүмкіндік беретін Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құрамыз. Кітапханаларды оқу, білім алу, шығармашылық және цифрлық технологияларды біріктіретін заманауи қоғамдық зияткерлік орталықтарға айналдырамыз. Кітапхана қорын жыл сайын жаңартып, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сапалы отандық әрі әлем әдебиетіне қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеміз. Грант беру, мемлекет есебінен сатып алу және қазақстандық әдебиетті дәріптеу бағдарламалары арқылы мемлекеттің отандық авторларды, баспаларды, профиль журналдарды және кітап саудасы желісін қолдауын күшейтеміз. Елімізде коммерциялық табысқа жету әлеуеті бар туындылар шығуына сеп боламыз. Білім мәдениетін қалыптастырудың негізі ретінде балалар әдебиетін, жасөспірімдер әдебиетін, ғылыми-көпшілік және ағартушы әдебиетті қолдауды көздейтін арнайы бағдарламаны іске қосамыз. Мектеп бағдарламаларына балалардың кітап оқу машығын дамыту тұрғысындағы озық тәсілдерді енгізуге сеп боламыз. Қазақстандық кітаптарды халықаралық нарыққа өткізу жүйесін құрамыз. Отандық баспалардың әлемдегі ең ірі халықаралық кітап жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысуына жағдай жасаймыз. Жасанды интеллектінің заманауи мүмкіндіктерін кітапхана қызметіне енгізіп, ол каталог жасау, ақпарат іздеу және оқырмандарға жеке ұсыныстар беру ісіне пайдаланылады. Кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Ұлттық сыйлық тағайындап, үздік оқырмандар, кітапханалар мен кітап жобаларының жыл сайынғы республикалық рейтингін түзіп отырамыз. Ел өңірлерінде, оның ішінде ауыл-аймақтарда кітап дүкендері желісін дамытуға және кітап саудасын қолдауға жағдай жасаймыз. Отбасы болып кітап оқу, балалардың кітап оқуы және мемлекеттік тілде кітап оқуды дамытуды көздейтін арнаулы бағдарламалар әзірлейміз. Кітап оқу мәдениетін насихаттау ісіне корпоративтік секторды қатыстырамыз, жеке оқырмандар клубтары мен онлайн-қауымдастықтар құрылуын ынталандырамыз.
59 9 - Б Ө Л І М 9 ТАЗА ҚАЗАҚСТАН 9.1. Табиғатқа жанашырлық Су, ауа және жер – баршамызға ортақ мұра әрі келер ұрпақтың берекелі өмірінің негізі. «Таза Қазақстан» идеясы мен бастамалары ұлт мәдениетінің және күнделікті өмір салтының ажырамас бөлігіне айналып, табиғат пен қоршаған ортаға аялай қараудың негізін қалайды. Табиғатқа жанашырлық, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапты болу және табиғат ресурстарын ұтымды жұмсау қоғамның ең маңызды құндылықтарының бірі әрі мемлекеттік саясаттың басты бағдары болып орнығады. Экология ел дамуының негізгі басымдықтарының біріне айналады. Зиянды шығарындыларды азайту – маңызды міндет. Экономикалық өсім мен өнеркәсіптің дамуы экология талаптарына сай заманауи технологияларға сүйенуге тиіс. Қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорындар шығарындыларын кезең-кезеңімен азайтып, қолдануға болатын ең озық технологияларды енгізуге және келтірілген экологиялық залалға жауап беруге міндетті. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту – мемлекетке де, бизнеске де, әр азаматқа да Конституция жүктеген міндет. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында азаматтардың, оның ішінде жастардың экологиялық жобалар мен еріктілер қозғалысына қатысуын кеңейтіп, табиғатқа жанашырлық және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналдырамыз. Табиғат ресурстарының ысырапсыз жұмсалуына ерекше көңіл бөлеміз. Еліміздің байлығы ел мүддесіне қызмет етіп, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы жолында жұмсалуға тиіс. Ресурс үнемдеудің заманауи тәсілдерін енгізіп, ысырапты азайтып, ресурстарды қайта пайдалануды кеңейтіп, экономикалық даму мен еліміздің табиғи әлеуетін сақтау арасындағы тепе-теңдікке сеп боламыз. Тазалықтың әр көрсеткішінің ар жағында нақты бір адамның денсаулығы тұр: баланың мектепке бара жатқанда тыныс алатын ауасын, үйдегі шүмектен ағатын су, қоқыс үйілмеген таза аула. Мұның бәрі бүгін – отбасының амандығы, ертең – келер ұрпақтың саулығы. НЕ ІСТЕЙМІЗ: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына сүйеніп азаматтардың тазалық және табиғатқа жанашырлық тұрғысындағы жеке жауапкершілігін қалыптастыратын қуатты қоғамдық қозғалыс пен бағдарламалық негіз құрылуын қолдаймыз. Тазалық ұғымы ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне әрі іргелі құндылығымызға айналады.
60 14,5 МЛН Орман егіп, орманды қалпына келтіріп және заманауи қорғау жүйелерін енгізе жүріп, орман алқабы ауданын 14,5 млн гектарға дейін жеткіземіз. 2 МЛН Жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрып, қолданыстағы қорғалатын аумақтардың ауданын 2 млн гектарға дейін кеңейтеміз. Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бәріне қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияны автомат түрде бақылайтын жүйелер қойылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнама қабылдап, оларды қорғаудың арнайы құқық режимін белгілейміз әрі ондай аумақтарға залал келтіргендерге түсетін жауапкершілікті күшейтеміз. Балқаш көлі мен Каспий теңізінің ерекше мәртебесі туралы арнайы заң қабылдаймыз. Өнеркәсіп кәсіпорындары көп шоғырланғандықтан, оларға лас суды тазарту және бұрыннан ластанып тұрған жерлерді тазалау жағынан жеке-жеке талап қойып, қатаң регламент енгізу керек. Ирригация және дренаж туралы заң қабылдаймыз. Суару және дренаж жүйелерін пайдаланудың бірыңғай қағидаларын белгілеп, су шығынын азайтамыз және судың әділ бөлінуіне сеп боламыз. Жергілікті қауымдастықтар мен су пайдаланушылар бірлестіктерінің су шаруашылығы нысандарын басқаруға қатысуын кеңейтеміз. Су үнемдеудің ұлттық идеологиясын қалыптастырып, су тұтынудың ұтымды моделіне көшуге сеп боламыз. Технологияны жаңғыртып, ресурс жұмсау тиімділігін арттыру есебінен шығынды жүйелі түрде азайтып, салалардың бәрінде жаппай үнемдеу қағидатын іске асырамыз. Қалалардағы ауаның ластануын азайту үшін қуаттау станциялары инфрақұрылымын дамытып, электр көлікті қолдануды ынталандырамыз. Мемлекеттік органдардың табиғат апаттарының салдарына жауапкершілігін күшейтеміз. Әр аудан мен әр елді мекен нақты бір лауазымды тұлғаның жауапкершілік аймағына айналады. Қалдық түрлерінің бәрін есепке алып, реттеуді цифрландырып, олардың қозғалысы ашық жүруіне сеп боламыз әрі көлеңкелі айналымын азайтамыз. Қалдықтарды бөліп жинау және оларды қайта айналымға тарту инфрақұрылымына баршаның қолы жететіндей етеміз. Әр облыс орталығында қайталама шикізат қабылдайтын кемі 20 пункт ашылуына сеп боламыз.
61 9.2. Басқа энергияға ауысу Қазақстанның энергетикасы сенімді, баршаның қолы жететін әрі заманауи болуға тиіс. Экология, экономиканы дамыту және елдің энергетика қауіпсіздігі арасындағы тепетеңдікті сақтай отырып, сарқылмайтын энергия көздерін дамыта береміз. Қалдықсыз энергия үлесі кезең-кезеңімен артып, 2030 жылға қарай 15 пайызға, ал 2050 жылға қарай кемі 50 пайызға жетеді. НЕ ІСТЕЙМІЗ: 2030 жылға қарай қатты тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу мен жою үлесін олардың жалпы көлемінен 40 пайызға жеткіземіз. Инфрақұрылымы ең тапшы өңірлерде заманауи сұрыптау және қайта өңдеу қуаттарын саламыз. Қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын белгіленген талаптар мен өлшемшарттарға сәйкестендіру жұмысын жүргіземіз. Жануарларды тиісінше күтіп-бақпағанға және оларға қатігездік көрсеткенге жүктелетін құқықтық жауапкершілікті күшейтеміз. Су ресурстарын есепке алып, бақылауды цифрландырып, су жұмсалуын қадағалайтын заманауи жүйелерді енгіземіз әрі су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару тиімділігін арттырамыз. Заманауи энергия үнемдеу технологияларын енгізу және ресурс жұмсау тиімділігін арттыра жүріп, 2035 жылға қарай экономикадағы энергия сыйымдылығын кемі 15% азайтамыз. Энергия тиімділігін арттыруды, энергетика ресурстарының ұтымсыз жұмсалуы мен азаматтардың коммуналдық шығынын азайтуды көздейтін «Энергосауаттылық» ұлттық жобасын іске қосамыз. Атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын ұлттық жүйені жаңғыртып, қадағалау желісін кеңейтеміз. Соның арқасында халыққа және мемлекеттік органдарға атмосфералық ауаның жай-күйі туралы уақытылы әрі сенімді ақпарат беріліп отырады. Биологиялық әралуандықты сақтау мемлекеттік экология саясатының басты басымдықтарының біріне айналады. Қазақстан Республикасында биологиялық әралуандықты сақтау және оны орнықты пайдалану тұжырымдамасының дәйекті түрде іске асырылуына сеп боламыз. Ірі сарқылмайтын энергия көздерін дамытуға жеке инвестициялар есебінен қаражат жұмсалады. 2035 жылға қарай жалпы қуаты кемінде 8,4 ГВт жаңа жел, күн және су электр стансалары салынады. Сарқылмайтын энергия көздеріне арналған ірі жобаларды іске асыру аясында жиынтық сыйымдылығы 3 ГВт/сағаттан асатын энергия жинақтау жүйелері іске қосылады. Соның арқасында сұраныс аз уақытта өндірілген артық энергия жинақталып, жүктеме шегіне жеткен кезеңде энергия жүйесіне беріліп отырады.
62 1 0 - Б Ө Л І М 10 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ МОЛ ОРТА ДЕРЖАВА 10.1. Орта держава – жауапкершілігі мол дипломатия Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі терең тұрақсыздық кезеңін өткеріп отыр. Геосаясатта бәсеке күшейіп, қақтығыстар көбейіп келеді, халықаралық құқық қағидаттарының ықпалы әлсіреп, санкция және сауда текетірестері күшейіп, оған қоса арасында қысым көрсетудің гибрид түрлері де бар, жаңа қатерлер шығып жатыр. Осындай жағдайда дүниежүзі қауымдастығы мойындаған орта держава ретінде Қазақстан жаһандық әрі аймақтық күн тәртібін қалыптастыруға қатысып, өзінің ұлттық мүддесін, экономикасын және азаматтарын қорғауға тиіс. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан көпвекторлы, прагматикалық әрі проактив сыртқы саясат жүргізетін бейбітсүйгіш, ашық әрі жауапты мемлекет болып орнықты. Сонымен бірге инвестиция, технология және нарық жолындағы бәсеке күшейгені декларатив сипаттағы өзара іс-қимылдан нақты экономикалық әрі саяси нәтижеге қол жеткізуге көшуді талап етіп отыр. НЕ ІСТЕЙМІЗ: Энергетиканы цифрландыруға қол жеткіземіз. Электр энергиясын, жылуды, газ бен суды есептейтін заманауи құралдарды кезең-кезеңімен енгіземіз. Бұл ресурс жұмсалуын азайтып, оларды пайдалану тиімділігін арттырады әрі есеп айырысуды ашық етеді. Энергетика ресурстарын есепке алып, бақылап отыруға, сондай-ақ энергетика инфрақұрылымын дәйекті түрде дамытуға арналған энергия үнемдеудің бірыңғай цифрлық платформасын қалыптастырамыз. Әр киловатт, әр гигакалория және әр текше метр есепке алынып, тиімді жұмсалуға тиіс. Әділ тарифтерге, энергетика қауіпсіздігіне және елдің орнықты дамуына осылай ғана қол жеткізуге болады. Сыртқы саясатты экономикаға, бизнеске және азаматтарға нақты нәтиже беретін жаңа деңгейге шығарамыз. Сыртқы саясат экономиканы дамыту құралына айналады. Сапалы инвестиция тарту, қазақстандық экспортты ілгерілету, шетелдегі ұлттық бизнесті қорғау және жаһандық қосылған құн тізбектеріне кірігу бағытындағы жұмысты күшейтеміз. Сенім тетіктерін, превентив дипломатияны және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу құралдарын дамыта жүріп, халықаралық қауіпсіздік күн тәртібін қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін күшейтеміз.
63 10.2. Қорғаныс және қауіпсіздік: ұлтты қорғау – әр азаматты қорғау Аймақтық қақтығыстар көбейіп, әскери технология жедел тарап, гибрид қатерлер күшейіп тұрған шақта ұлттық қауіпсіздік жүйесінің алдынан мүлде жаңа талаптар шығып отыр. Қуатты әскер мен сенімді қорғаныс өз алдына мақсат емес. Оның басты мәні – қалаларымыз бен ауылдарымызда бейбіт өмір жалғасып, балалар өсіп-жетіліп, экономика жұмыс істеп, әр отбасы ертеңгі күніне сенімді болғаны. Елдің қауіпсіздігі – түптеп келгенде, әр үйдің қауіпсіздігі. Қазіргі қақтығыстар классикалық қару-жарақ үлгілерінің тиімділігі жағынан ұтқыр, ықшам әрі салыстырмалы түрде арзан шешімдерге жол бере бастағанын көрсетіп отыр. Біздің ұстанымымыз – асимметриялық жауап қатуға мүмкіндік беретін жоғары тиімді қорғаныс жүйелерін дамыту. Қазақстан қатердің барлық түріне тиімді жауап бере алатын заманауи, технологиялық жағынан жарақталған әрі икемді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға тиіс. НЕ ІСТЕЙМІЗ: ӘДІЛ ДЕ ТАБЫСТЫ КЕЛЕШЕККЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК! Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық су саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп, орнықты әрі болжамды су режимін қалыптастыруға күш саламыз. Сыртқы саясаттың басты қағидаты мынадай болады: әлемге барынша ашық болу және ұлттық мүддені қатаң қорғау. Дағдарыс жағдайлары туындаған кезде жұмылдыру дайындығы тетіктерін дамытып, мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын арттырамыз. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің қызмет өткеру кезеңінде де, қызметтен босағаннан кейін де әлеуметтік жағынан толық қорғалуына сеп боламыз. Видеобақылау және видеоағындарды интеллектуал талдау жүйесін дамыта береміз – көлік нөмірлерін танудан бастап болжамды талдауға дейінгі мүмкіндіктерді кеңейтеміз. Қос мақсатқа арналған технологияларға басымдық береміз. Қорғаныс өнеркәсібі дамығаны ауыл шаруашылығынан бастап инфрақұрылым мен экологияға дейін азаматтық экономиканы да қатар күшейтеді.
64 Біз ұсынып отырған бағдарлама – жаңа Конституция қағидаттарын азаматтарға пайдалы болар әрі практикалық шешімдер арнасына бұратын нақты іс-қимыл жоспары. Оның әр қазақстандыққа нақты қандай мәні болады? Балалы отбасылар Аула, көше және мектепке барар жол қауіпсіз болады: үйге жақын маңда учаскелік пунктер көбейеді, қоғамдық кеңістіктер жарық беріліп, абаттандырылады, басты назар профилактикаға аударылады. Қазақстандық әр бала қай өңірде тұратынына қарамастан үйінің жанындағы балабақшадан кепілді орын алады. 2–6 жастағы балалардың балабақша кезегі толық жойылады. Әр өңірде инженерлік, IT және гуманитарлық мектептер ашылады. Кітап оқу, математика, жасанды интеллект негіздері және алгоритмге салып ойлау мектеп бағдарламасының нақты тірегіне айналады. Балаларымыз мектептен тек аттестат алып қана емес, жұмысшы мамандығын да меңгеріп шығуға мүмкіндік алады. 1 МЛРД Отбасында еңбек етіп жүрген ересек адам болса, өңірлік ипотека бағдарламасына қол жеткізу мүмкіндігі туады. Оған әр өңір жыл сайын кемі 1 млрд теңге бөліп отырады. 25 ШАРШЫ МЕТРДЕН Тұрғын үймен қамту бір адамға шаққанда 25 шаршы метрден 30 шаршы метрге дейін өседі – бұл отбасы мен балалар кеңірек үйде тұрады деген сөз; тұрғындарды құлағалы тұрған және тозған үйлерден көшіру ісі жалғасады. Үш жасқа толмаған баласы бар ата-аналарға икемді жұмыс кестесін және қашықтан жұмыс істеу құқығын беру ұсыным емес – міндетті болады. Осы қиын кезеңде отбасының жұмыспен қамтылуы мен табысы сақталады. Жүрек және қан тамырлары ауруларын ерте диагностикалау бағдарламалары атааналардың денсаулығын қорғаса, перинаталдық орталықтар мен педиатрия бөлімшелері желісі – балалардың денсаулығын қорғайды. Ипотеканың сыйақысы бойынша салықтан шегерім қайтарылады, ал отбасылардың борыш жүктемесі азаяды: тұтынушы несиесінің шекті құны әділ болып, қосымша комиссиялар азаяды, қарызды реттеудің түсінікті тетігі енгізіліп, үмітсіз қарыз жағдайынан шығу жеңілдейді. Отбасын қолдау орталықтары қиын жағдайларды ерте бастан тану бағытында жұмыс істейді. Баланың цифрлық маршруты туған күнінен бастап 18 жасқа толғанға дейінгі қолдау шараларының бәрін «бір терезеге» жинақтайды.
65 Әйелдер Мемлекет пен бизнестегі басшылық қызметтерде әйелдер көшбасшылығы бағдарламаларын кеңейтеміз. Мақсатымыз – квота бөлу үшін ғана квота бөлу емес, негізгі лауазымдарға кәсіпқой әйелдердің келуіне жағдай жасау. Жаңа – IT, жасанды интеллект, креатив экономика, қайта өңдеу, яғни дәстүрлі секторларға қарағанда жалақыдағы гендерлік алшақтық тарихи тұрғыдан аз салалардан сапалы жұмыс орындары ашылады. 9 перинаталдық орталық желісінің құрылысы аяқталады. Әр ана мен әр бала қай өңірде тұрғанына қарамастан әлемдік стандарттар деңгейінде көмек алады. Жұмыскер әйелдердің құқықтарын қорғаймыз: квоталардың орындалуын қадағалаймыз, тең еңбекке тең ақы төленеді, деректерді салыстыратын цифрлық құралдар арқылы жалақы есептеу ашық болады. Басына қиын іс түскен әйел тағдырдың тәлкегін жалғыз көрмейді: әйелдерді зорлықзомбылықтан қорғайтын бөлімшелер және жеке сүйемелдеу қызметі жұмыс істейді. Психологиялық көмек – психикалық саулықты қорғау жүйесін жаңғырту арқылы көрсетіледі. Жастар 40 МЫҢ Жыл сайын кемі 40 мың жасқа жұмыс берушінің тәлімгерлігімен жұмысқа тұруға жәрдем көрсетіледі. Алғашқы кәсіби тәжірибе артықшылық емес, қалыпты жағдайға айналады. Бизнес-идеяларға қайтарымсыз гранттар беру, микробіліктілікті тану, Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының түлектерін кепілді жұмысқа тұрғызу. Мемлекеттің білімге құйған инвестициясы өз еліндегі еңбек болып қайтады. Жоғары оқу орнының әр түлегі жасанды интеллектіні қолдану машығын меңгереді. Жасанды интеллект және басқа да озық технологиялар саласында жүз мың маман даярланады. 65% Жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген жастардың ішінен жұмысқа тұрғандар үлесі 65 пайызға дейін өседі. Оқып та, жұмыс істеп те жүрмеген жастар үлесі барынша азаяды. Мемлекеттік кепілдіктің арқасында білім алу кредиттері бұрынғыдан да қолжетімді әрі арзан болады.
66 Еңбек етіп жүрген азаматтар мен еңбек ұжымдары 1 МЛН Лайық жалақысы, еңбек шарты және нақты зейнетақы аударымдары бар кемі 1 млн сапалы жұмыс орны құрылады. 95% Жалдамалы қызметкерлердің кемі 95 пайызы электрондық еңбек шартын жасасып жұмыс істейтін болады. Біз «көлеңкелі» жұмыспен қамтуды қолданатын жұмыс берушілерге тосқауыл қоямыз. Кәсіпорындардың бәріндегі еңбек қатынастарына цифрлық мониторинг жасау азаматтардың зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру құқықтарын қорғайды. Жұмыс беруші енді сіз үшін жарна төлемей жүре алмайды. Кәсіпорын банкрот болған жағдайда әуелі жұмыскерлердің еңбекақысы төленеді. Жасанды интеллект арқылы профильдейтін цифрлық жұмыспен қамту сервисі адам жұмыссыз қалмай тұрып – іс болып қойған соң емес, алдын ала – бос жұмыс орындары мен қолдау шараларын тауып береді. Мектеп пен университеттен бастап ересектерді қайта даярлауға дейін кемі 5 миллион қазақстандық жасанды интеллектімен жұмыс істеуді үйренеді. Жаңа машықтарды меңгеріп, еңбек нарығынан сұраныс алу оқудан шыққан соң ғана емес, кез келген жаста мүмкін болады. Бизнеске мемлекеттен берілетін қолдау жалақының өсуіне қарайды: субсидиялар мен жеңілдіктер еңбекақыны өңірдегі медиана жалақыдан төмен бермейтін және үнемі өсіріп отыратын жұмыс берушілерге беріледі. Толық емес жұмыс күнімен, маусымдық және платформалық жұмыспен қамтылғандар үшін ең төмен еңбекақыны сағатқа шағып есептеуді пысықтаймыз. Зейнеткерлер Скрининг, амбулаториялық бақылау, инфаркттан кейінгі кардиологиялық оңалтуға алысқа бармай-ақ жүгінуге болады. Әр ауданда инвазиясыз диагностика орталығы ашылады. Жүрекке ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) жасау, артериялық қысымды бақылау, ЭКГ – облыс орталығына сабылмай-ақ жасалады. Әр адам тәуліктің кез келген уақытында үй маңында алаңсыз жүре алатындай аулалар мен көшелерде қауіпсіз әрі жарық орта жасалады. Азаматтардың жекелеген санаттары кепілдік берілген көмек көлемі аясында тегін дәрідәрмекпен қамтамасыз етіледі.
67 Қауіп-қатері жоғары топтарға ауруды алысқа сабылмай ерте анықтау үшін өкпе обыры скринингі жасалады. Жалғызбасты қарттарды ұзақмерзімді бағып-қағу – үйде көмек көрсету жүйесі жасалады. Негізгі азық-түлік бағасы болжауға келетіндей болады – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады. Кәсіпкерлер Бизнеске түсетін реттеуші жүктеме азая береді. Жаңа бизнес онлайн форматта бір-ақ күнде іске қосылады. Орта бизнеске арналған мақсатты несие өнімдері – жекеменшік және мемлекеттік қаржы институттарында болады. Қаржыландыру өсу мен дамуға қаратылады. «Өрлеу» бағдарламасы жалғаса береді. Жең ұшынан жалғасып сөз байласу мен монополия жағдайын теріс пайдалану қатаң цифрлық бақылауға алынады. Адал бизнес бәсекелестерін сапамен емес, тамыртаныстықпен тұншықтыратындардан қорғалады. Жер қойнауын пайдаланушылар мен жүйе құраушы кәсіпорындардан офтейккелісімшарттар арқылы түсетін ұзақмерзімді тапсырыс кепілді өткізуді және инвестициялық сенімділікті қамтамасыз етеді. 20% Шағын бизнестен орта бизнеске өту жолы шынайы болады: өсем дейтіндер көздеулі қолдау алып, экономикадағы орта бизнес үлесі 20 пайызға дейін артады. Жеке бизнес жұмыс істей алатын салалардан мемлекет кетеді. Мемлекеттік сатып алуда жеке жеткізушіге басымдық беріледі. Заңды кәсіп күш құрылымдарының қысымынан қорғаулы болады, ал шаруашылық дауы қылмыстық іске айналмайды. Мемлекеттік қолдау тең қол жеткізуге болатын «бір терезе» қағидатымен көрсетілетін қызметке айналады. Салықты реттеуде – салық өндірудің сараланған тәсілі орнығып, шағын және орта бизнестің қызметін тоқтата тұруға шектеу қойылады. Осал топтарды жұмыспен қамту көзі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікке мемлекеттік тапсырысқа қол жеткізу арқылы мүліктік қолдау көрсетіледі. Франчайзинг институты – табысты бизнес модельдерін кеңінен таратудың түсінікті әрі қорғаулы жолы.
68 Ауыл тұрғындары 2,5% Ауыл отбасыларына өз кәсібін бастауға жылдық мөлшерлемесі 2,5% жеңілдетілген шағын несиелер беру арқылы қолдау көрсетіледі. Бұл 1 миллион ауыл тұрғынының табысын сапалы түрде арттырады. 95% Жергілікті жолдардың бәрі – 86 пайыздан 95 пайызға дейін нормаларға сай етіледі. Медицина, білім беру және сауда нысандарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Ауыл тұрғындарының 97 пайызы интернетке қол жеткізеді. Қашықтан білім алу, телемедицина, ауыл шаруашылығы өнімдерін цифрлық жолмен өткізу – кедергісіз болады. Ауыл шаруашылығы кооперативтері мен қайта өңдейтін тірек кәсіпорындар өнімді делдалдарсыз және «көлеңкелі» схемаларсыз, түсінікті бағамен өткізуге сеп болады. Аграрлық сақтандыру фермерлердің табысын климат қатерлерінен қорғайды, ал аграрлық сақтандыру нарығына жаңа сақтандыру компаниялары келеді. Табыс егін мен мал басына ғана қарап қалмайды. Қайта өңдеу, қолөнер, ауыл туризмі – ауылдағы отбасыларға жаңа табыс көздері шығады. Ауыл жаңа құрылысқа басымдық берілетін тұрғын үй бағдарламаларына қаламен бірдей қол жеткізу мүмкіндігі беріледі, ал тұрғын үй ауылға және өндіріске маман тұрақтандыру құралына айналады. * * * Халықтың қолдауының арқасында біз мемлекеттік жүйені жаңғыртамыз, онда адам, оның құқықтары мен мүмкіндіктері, әділет, заң мен тәртіп даму басымдықтарына айналады. Жиырма миллион қазақстандықпен бірге біз әр азаматқа тең жағдай мен сенімді қорғаныс берілетін мықты, тиімді әрі технологиялық қоғам құрамыз. Ел экономикасы анағұрлым орнықты, теңгерімді әрі адамға қаратылған болады. Шикізатқа тәуелділік қайта өңдеу өнеркәсібі, технологиялар және кәсіпкерлік сияқты өсімнің қозғаушы күштері есебінен дәйекті түрде азаяды. Жылу, электр қуаты және ауызсуды қоса алғанда, тіршілікке сеп болатын негізгі жүйелер тұрақты әрі тиімді жұмыс істейтін болады. Тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту және өмір сүру жағдайларын жақсарту арқылы баспана мәселесі жүйелі түрде шешіле бастайды. Қалалар анағұрлым жайлы әрі технологиялық бола түседі, ал ауыл-аймақтарға жедел дамуға қажет экономикалық база беріледі. Қала мен ауыл арасындағы алшақтық өңірлік
69 жобаларды теңгерімді қаржыландыру есебінен дәйекті түрде қысқара түседі. Білім беру, ғылым және инновациялар экономикамен және елдің практикалық міндеттерімен тығыз ұштасатын болады. Тұратын жеріне қарамастан, азаматтардың кәсіби және цифрлық машықтарының деңгейі артады. Серпінді идеялар, стратегиялар және әлеуметтік маңызы бар шешімдер туындайтын ғылымнан бастап инновацияларға дейінгі зияткерлік орта қолдау табады. Мемлекеттік аппарат, бизнес және жұртшылықтың ортақ жауапкершілігі есебінен экологиялық ахуал дәйекті түрде жақсара түседі. Қоршаған ортаға жанашырлық қалыпты жағдайға және әр қазақстандықтың күнделікті мәдениетінің бір бөлігіне айналады. Қазақстан еліміздің онжылдықтарға арналған даму бағытын айқындайтын тарихи таңдау алдында тұр. Мемлекет басшысының реформалары стратегиялық бағдарды айқындады, жаңа Конституция іргелі қағидаттарды бекітті. Ендігі міндет – оларды әр азаматтың күнделікті шынайы өміріне айналдыру. Біздің философиямыз ынтымақ пен жасампаздық мұраттарына сүйенеді. Біз идеялар мен құндылықтар үстемдігін жария етеміз және сенім мен табыс барша қазақстандыққа тиесілі болатын әділетті жүйені дәйекті түрде ілгерілетеміз. Біз жауапкершілікке және нақты іске дайын болуға сүйенетін айқын бағдарлама алып келеміз. Біздің жолымыз – бұл Заң мен Тәртіп, қуатты институттар мен адал экономика, отанға адал қызмет пен салиқалы прогресс жолы. Өзгерістердің басты қозғаушы күші – миллиондаған отандасымыздың қуаты.
Біз Қазақстан әділетті болса дейміз!
Біз келешекке сенімді болсақ дейміз!
Біз Әділетті таңдаймыз!

