Жаңалықтар

Ақпараттық хабарлама

Жариялау күні: Жаңарту күні:

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны Мемлекет басшысының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес өткізіледі. Дауыс беру 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалды. Орталық сайлау комиссиясына сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру тапсырылды; Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға — қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағдайларды қамтамасыз ету тапсырылды.

Алдағы науқан — жаңа Конституция жағдайындағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша алғашқы науқан. Құрылтай — бір палаталы Парламент мәртебесінде заң шығарушы билікті жүзеге асыратын елдің жоғары өкілді органы: 145 депутат бес жылға бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.