Өңірлердегі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпарат
Сайлау учаскелерінің шекаралары
Сайлау учаскелерін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) аумақтық сайлау комиссияларымен келісім бойынша құрады. Әрбір учаске үшін сайлаушылардың барынша ыңғайлы қол жеткізуін ескере отырып, шекаралары мен дауыс беруге арналған үй-жайдың мекенжайы айқындалады.
Өз учаскеңізді қалай анықтауға болады
Сайлаушы тіркелген мекенжайы жатқызылған сайлау учаскесінде дауыс береді. Учаскелердің шекаралары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардың мекенжайлары туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар мен облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары жариялайды.
Өзіңіздің сайлау учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын тиісті аумақтық сайлау комиссиясынан нақтылауға болады — олардың байланыс деректері «Байланыстар» бөлімінде келтірілген.
